ШҰҒЫЛ! «БОЗТОРҒАЙ» ӘН-БИ АНСАМБЛІНЕ - 45 ЖЫЛ Толығырақ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЖИЫН ӨТТІ

13:22, 15 наурыз 2019

Сыбайлас жемқорлық індет – жою міндет. Жамбыл облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сыбайлас жемқорлық бойынша 2 қызметкерді анықтап, жұмыстан шығарған. Бұл туралы департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиынында айтылды.

Жиында жең ұшынан жалғасқан індеттің алдын алуға арналған іс-шаралардың қорытындысы белгілі болды.  15 рейдтік шара өткізіліп, нәтижесінде  18 азамат анықталып, 11-не айыппұл салынған. Ал аса тәртіп бұзған 11 қызметкердің тәртібі арнайы комиссия отырысында қаралған. Осылайша, сыбайластық әрекетке жол берген  3 қызметкер лауазымынан босатылыпты. Кездесу барасында сыбайлас жемқорлықтың туындауына байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Қоғамда белең алған бұл індеттің алдын алып, жұмыла күресуге шақырды. Аталған департамент еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, ішкі сыбайлас  жемқорлықты анықтау үшін белсенді түрде жұмыс жасайды. Бұл шаралардың барлығы жемқорлық фактілерін азайтуға бағытталған, дейді қатысушылар.

СНХ: Бақытгүл Әлімжанова -  Жамбыл облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті кадр жұмысы бөлімінің бас маманы
 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
20:53, 22 мамыр 2019
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар