ШҰҒЫЛ! АДАМ САУДАСЫ – ЖАҺАНДЫҚ ПРОБЛЕМА Толығырақ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ

18:20, 11 шілде 2018

Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық комиссия жұмысы. Алдағы үш жылда жемқорлықпен күресу үшін дайындалып жатқан жұмыс жоспары қандай болу керек? Осы және өзге де мәселелер бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың төрағалығымен өткен жиында айтылды.

Бүгінгі кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізетін ведомства аралық комиссия мүшелерінің баяндамасы тыңдалды. Статистикаға сенсек, Жамбыл облысында өткен жылмен салыстырғанда жемқорлық қылмыстары 139- дан 66- ға азайыпты. Алайда, алты ай мерзімге шаққанда мұның өзі көп. Сол үшін комиссия жұмысын әлі де жетілдіру қажет. Жұмыс жүргізгенде бірінші кезекті құр статистика емес, сыбайластық сипатындағы қылмыстардың орын алу салдарын тыңғылықты зерделеу керек деді өңір басшысы.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Алдағы үш жылда облыста сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қазір арнайы жұмыс жоспары дайындалып жатыр. Ол алты бағытқа бөлінетін болады. Оның ішінде мемлекеттік қызмет саласындағы жемқорлықтың алдын алу, қоғамдық бақылауды күшейту, жеке сектордағы жемқорлықты жою, көлеңкелі бизнесті құрытып, сыбайлас жемқорлық мәдениетін қалыптастыру секілді маңызды қадамдар бар.

Жандар КӘРІБАЕВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ

Жиын соңында облыс әкімі жұмысты жүйелі түрде жүргізу керектігін, жемқорлыққа қарсы комиссия отырысын қазіргідей алты ай сайын емес, жиі –жиі өткізіп тұру керектігін айтты.

АЙБОЛ ҚАРАШ, М. ТАУБАЙ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АУДАНДАРДЫҢ АЛТЫ АЙДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ
20:30, 16 шілде 2018
АУДАНДАРДЫҢ АЛТЫ АЙДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТ...
Толығырақ...
АУДАНДАРДЫҢ АЛТЫ АЙДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ҚАНДАЙ?
13:20, 17 шілде 2018
АУДАНДАРДЫҢ АЛТЫ АЙДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ КӨРСЕТ...
Толығырақ...