ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ АХУАЛ

17:02, 11 қыркүйек 2019

 

 

 

Мамыр айының қорытындысына сәйкес елдегі  инфляция  деңгейі 5,5% -ды құраған. Сала мамандары бұл белгіленген межеден асқан жоқ деп отыр.  Қаржы нарығындағы ахуал мен тұтынушылық қарыздардың жүктемесін азайту сынды бағдарламалар барысы  Ұлттық Банк өкілдерінің  қатысуымен өткен брифингте айтылды.

 

Айта кетейік, «70-20-25 » бағдарламасын жүзеге асыру үшін серіктес банктер осы күнге дейін  құны  2,8 млрд теңгені құрайтын  419 өтінімді қабылдаған. Оның ішінде 1,6 млрд  теңгенің   231 өтінімі мақұлданған.  Осы орайда 207 адамға   несие беріліпті. Ал, бүгінгі брифинг барысында азаматтардың  қарыздық жүктемесін азайту шаралары туралы да айтылды.

 

ЕВГЕНИЙ ШАРЫГИН  ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ ЖОФ ДИРЕКТОРЫ

 

Сондай-ақ, тұтынушылардың несиелері үшін есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығаруды қарастырған екінші бағыттағы жұмыстар да  аяқталды. Ал, қазір бірінші бағытты іске асыру қарқынды түрде  жүргізілуде. Мәселен, осы бағдарламаға қатысушы ретінде өзіңізді  білу үшін enbek.gov.kz сайтына кіріп көре аласыз...

 

Ал,  ертең күні бойы бағдарлама бойынша кеңестерді  Ұлттық банктен басқа, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен білуге болады. Бұдан бөлек, жергілікті тұрғындар керек –деректерін  мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының филиалынан ,  еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімінен ала –алады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар