ШҰҒЫЛ! ЖАБАЙЫ ЖАРНАМА ЖАЙҚАЛЫП ТҰР Толығырақ

СЫННАН НӘТИЖЕ ШЫҚТЫ

20:30, 12 маусым 2018

Осыдан тура екі апта бұрын тұрғындардың шағымы бойынша Байзақ аудандық ауруханасы телеарна назарына іліккен болатын. Нақтырақ айтсақ, орталық ауруханаға қарасты зертхана ғимаратының сын көтермес ахуалы эфирге шыққан болатын.Ал, аурухана басшылығы мұны ғимараттың ескілігімен байланыстырады. Дегенмен,  Жамбыл телеарнасы дабыл қаққан соң,  назар аударып, зертханаға біршама  жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ретке келтіріпті.

Бұл нысан бұрын туберкулезге шалдыққан азаматтардан анализ алынған зертхана болған. Қазір сараптамаға қан тапсыратын орын. Кеңестік дәуірде салынған ғимараттың тозығы жеткені рас. Сондықтан да, мамандар қолдан келгенше тазалықты жөнге келтіріпті.  Негізі зертхана аудандық емханада орналасуға тиісті екен. Алайда, онда  бөлмелері тар, стандартқа сай болмағаннан кейін, емделушілерді осында қабылдауға тура келеді. Бүгінгі таңда аудандық емхананың құрылысын жоспарлау үшін жер бөлініп, 29 млн теңге қаражат та қарастырылған. Жаңа нысан 2019 жылы қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.

Гүлнәр МАМЫРБАЕВА БАЙЗАҚ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ / Қазір өткендегі кемшіліктердің барлығын жойдық. Ғимаратымыз ескі болып тұр. Алдағы екі жыл көлемінде жаңа зертаханымыз пайдалануға беріледі деп отырмыз.

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
13:20, 21 маусым 2018
ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕЛЕНДІ
20:30, 15 маусым 2018
ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕЛЕНДІ
Толығырақ...
ТҮРМЕ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ
20:30, 14 маусым 2018
ТҮРМЕ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...