ШҰҒЫЛ! КӨКӨЗЕК АУЫЛЫНДА 5 КЕЛУШІГЕ АРНАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ Толығырақ

Табан ақы, маңдай тер тең қорғалуы тиіс

20:35, 13 наурыз 2018

Қарапайым жұмыскерлердің құқықтары тиісті деңгейде қорғалуы керек. Еңбек қатынастарына жауапты органдардың түрлі еңбек дауларына жол бермеу мәселесі енді  кәсіподақтармен бірге прокуратура органдары тарапынан да қатаң қадағаланатын болады. Осы орайда бүгін аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен Жамбыл облысының прокуратурасы әлеуметтік әріптестікті нығайту жөнінде өзара меморандумға қол қойды.

Кәсіподақ жұмысының негізгі міндеті – жұмысшылардың құқықтарын қорғау. Сонымен бірге, ішінара орын алып отыратын жалақының уақытылы берілмеуі, жұмыс берушімен арадағы дауларды бейбіт түрде шешу – кәсіподақтардың негізгі жұмысы қатарында.

Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ /Елбасының Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру жолында, жаңару мен жаңғыру жолында көптеген үдерістерді жүргізіп жатырмыз. Солардың ішіндегі кәсіподақ ұйымдары үшін еі бастысы – еңбек адамдарының еңбек тиімділігін арттыру жолында бірден бір міндет жүктейті өздеріне. Соның ішінде әлеуметтік әріптестікті нығайту , осы арқылы кадрлардың беделін өсіру, жалпы кәсіподақ ұйымдарының мәртебесін арттыру жолында атқарылып жатқан жұмыстар өз нәтижесін береді деп ойлаймын/.

Жалпы, біздің өңір бойынша 271 мыңға жуық адам кәсіподаққа мүше. Олардың 67 мыңнан астамын білім саласының қызметкерлері құрайды екен. Жұмысы ауыр өндіріс орындарындағылар да аз емес. Кездесуде заман талабына сай, салада қолға алынуы тиіс жұмыстар жайы да айтылды. Олардың ішінде  өзектілердің қатарында кәсіпорындарда өндірістік кеңес құру мәселесі, еңбек адамдарының даңқы мен дәрежесін көтеру,  кафе-ресторандардағы жалдамалы жұмысшылардың құқықтары сақтала бермейтіндігі. Мәліметтерге сүйенсек, жүргізілген тексеру нәтижесінде еңбек шартын сақтамай, қол астындағы жұмысшылардың еңбегіне үстірт қараған 35 адам жауапкершілікке тартылыпты. 

Ибраһим ИМАНОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ/Өкінішке орай, түрлі жағдайлар болып жатыр. қазір нарықтық экономика. Соған байланысты біреулердің жағдайы күрт қиындаған кезде айлық бермей қоя салу деген фактілер көбейіп барады. Сіздер профсоюз ретінде жұмыскерлердің басын қосып, согласительная комиссия деген бар, басқа органдарда айтылған дүниелерді дұрыс-бұрысын жеткізіп джатқандықтан, сіздерді медиатор деп айтуға болады/.

Кәсіподақ белсенділері мен облыс прокуроры осылайша, келешекте түрлі заңсыздықпен бірлесе күресуге келісті. Еңбек заңнамасын сақтау мәселелері бойынша өрбіген еркін әңгімеден соң, екіжақты әріптестікті және өзара әрекеттестік туралы келісім-шарт жасалды.

Мақсат ортақ, мүдде бір. Екіжақты жасалған  әріптестік келісім-шарт осы – жұмысшылардың табан ақы, маңдай терінің тапталмауын қадағалау. Бір сөзбен айтқанда, бұл ұйымның шын мәнінде халықтың мүддесін қорғайтын сенімді құрал ретінде қоғамдағы ролін арттыру болса, екінші жағынан кәсіподақтың қуатты да жасампаз институт болып қалыптасуына жағдай жасау болып табылады. 

А. Тілеуханқызы, Ө. Ыбыраев, «Жаңалықтар қызметі»


Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНІП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ!
21:26, 14 желтоқсан 2018
ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНІП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ!
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
21:24, 14 желтоқсан 2018
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ 7 ҚЫРЫ – ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
21:07, 14 желтоқсан 2018
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ 7 ҚЫРЫ – ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар