ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ТАБИҒАТТЫ АЯЛАУ- ОРТАҚ МІНДЕТ

20:26, 18 маусым 2019

Жыл басында облыс әкімі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының алдына жұмыс жүргізудің арнайы ережесін дайындауды тапсырған болатын. Бүгін аймақ басшысының төрағалық етуімен өткен жиында осы жұмыстардың орындалу барысы сұралды. Табиғатты қорғау саласында жасалған бірқатар келісімдер жөнінде  айтылды.

Жиында облыс басшысы жауапты басқармадан ағымдағы жылдың қаңтар айында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы жөніндегі мәліметті сұрады. Ондағы негізгі мақсат, орман дүниесін қорғау, табиғатты сол қалпында сақтап қалуға ат салысу. Асқар Мырзахметовтың бастамасымен құрылған «Сапсан» жедел тобы да қазір бірқатар жұмыстарды қолға алды. Соның бірі азаматтармен аң аулауға шектеу жөніндегі декларацияға қол қою болатын. Бүгінде облыс бойынша 5500 адам осы құжатқа қолдарын қойып, нәтижесінде браконьерлік фактілері айтарлықтай азайып отыр.

Ерназарбек ЖАНТАЕВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

Басқосуда бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Олардың ішінде дала өртін болдырмау да маңызды шаруа. Облыс әкімінің көңіл бөлуімен қосымша 100 штаттық бірлік беріліп, Жамбыл облысының шөл және шөлейтті аймақтарының барлығында 27 өрт сөндіру стансасы мен 20 бекет салынды. Онда тәулік бойы 369 адам кезекшілікке түседі. Жалпы, соңғы бір жылда материалдық техникалық база 41- пайыздан, 66 пайызға дейін жақсарып  отыр.

Нұржан НҰРЖІГІТОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСтық ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Жиында аң –құс атып, білгенін істеген браконьерлерге қатысты жазаны күшейту керектігі де айтылды. Мәселен: осы бағытта 8 қылмыстық іс тіркелгенімен, оның 5- еуі қысқарып кеткен. Бұл да жіті қадағалауды, толық тексеруді қажет етеді деді облыс әкімі. Осы мәселе бойынша тиісті мамандарға нақты тапсырмалар жүктелді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРБИЕЛІК АЛАҢНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
19:00, 11 қараша 2019
ҒЫЛЫМИ - ТӘЖІРБИЕЛІК АЛАҢНЫҢ БЕРЕРІ МОЛ
Толығырақ...