ШҰҒЫЛ! ӘУЛИЕАТА ӨҢІРІНІҢ ТУРИСТІК ӘЛЕУЕТІН КӨРСЕТТІ Толығырақ

ТАБЫС КІЛТІ-ТӘТТІ ТҮБІРДЕ

19:27, 17 қазан 2019

ТАБЫС КІЛТІ-ТӘТТІ ТҮБІРДЕ                                                                             

Күн өткен сайын облыс бойынша қант қызылшасын қазу жұмыстары қарқын ала түсуде.  Жиналған тәтті түбірлер Меркі және Тараз қаласындағы қант зауыттарына жеткізіп те жатыр. Әзірге облыс бойынша 23 мың тоннаға жуық   шикізат жиналса, оның 19 мыңнан астамы өнідіс орындарының қабылдау пунктеріне өткізіпті. Әсіресе мұнда соңғы жылдары балтамырды баптауға  баса назар аударып отырған Меркеліктердің көрсеткіштері айтарлықтай.  Тақырыпты тілшіміз Бақытжан Советұлы толықтырады.

Қызылшаны қазу жұмыстарына алғашқылардың бірі болып кірскен шаруашылықтың бірі «Сыпатай батыр» серкітестігі. Былтыр балтамыр жинауда жоғары көрсеткішке қол жеткізген олар биыл да қарқындарын бәсеңсітпек емес. Қазір алқапта қызған жұмыс.  Дала еңбеккерлерінің алдында 185 гектар жердің қызылшасын жинап, өткізу межесі тұр. Әр гектарынан 700 центнерден өнім алуды жоспарлап отырған шаруашылық алқабында 60-тан астам адам еңбек етуде.

Отандық өнімді өркендетуге үкімет барынша қолдау көрсетіп отыр. Өткен жылы қызылшаның әр келісіне 12 теңгеден қаражат қарастырылса, қызылшаны қабылдаған өндіріс орындары  8 теңгеден төлепті. Биыл да солай болмақшы. Оның өзі шаруаларға үлкен сеп. Табыс кілті-тәтті түбірде.  Бұл жерде жаңа технологиялар- тамшылатып және жаңбырлатып суару әдісін қолданып жатқандардың ұтары көп.

Жалпы Жамбыл облысы бойынша 5 мың гектар жерге қызылша егілсе, оның осы күнге дейін 750 гектары жаналып үлгеріліпті. Қызылшаны қазу жұмыстары қараша айына дейін жалғасады. Облысымыздағы қос зауыттың қабылдау пункті де барлық балтамырлар жиналып, өткізілгенше тоқтаусыз жұмыс істеп тұрмақ.

Тақырып бойынша материалдар

ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ - ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ
19:31, 22 қыркүйек 2020
ҰЛТАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ - ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ
Толығырақ...
88 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН САЛАДА САПА ҚАНДАЙ?
19:27, 22 қыркүйек 2020
88 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛІНГЕН САЛАДА САПА ҚАНДАЙ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРБИЕСІ - КҮН ТӘРТІБІНДЕ
20:11, 18 қыркүйек 2020
ЖАСӨСПІРІМДЕР ТӘРБИЕСІ - КҮН ТӘРТІБІНДЕ
Толығырақ...
ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДА ДӘСТҮРЛІ ОҚЫТУ ЖАЛҒАСУДА
20:21, 16 қыркүйек 2020
ШАЛҒАЙ АУЫЛДАРДА ДӘСТҮРЛІ ОҚЫТУ ЖАЛҒАСУДА
Толығырақ...