ШҰҒЫЛ! «БОЗТОРҒАЙ» ӘН-БИ АНСАМБЛІНЕ - 45 ЖЫЛ Толығырақ

«ТАҒЗЫМ КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

18:51, 15 наурыз 2019

Әулиета өңірінде Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мейрамы 9 күн бойы аталып өтілетіні белгілі. Күні кеше «Көрісу» дәстүрін жаңғыртқан Жамбылдықтар бүгін «Тағзым» күнің атап өтті. Бұл күні облыс орталығындағы тұрғындар батыр бабаларымыздың ескерткіштеріне жиылып,  рухына тағзым етіп, арнайы гүл шоқтарын қойды.

Бүгінгі тағзым күнінде Тараздықтар «Ерлік» мемориалдық кешеніне жиналды. Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының ескерткіші мен тыл еңбеккерлері және ауған соғысы ардагерлерін мемериалына тұрғындар тағзым етіп гүл шоқтарын қойды.

Қаржаубай Бекболатов   Тараз қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы

Бүгінгі тағзым күні қасиетті жұма күнімен қатар келіп отыр. Сондықтан, жүздеген жылдар бойы тарихи оқиғалар, ашаршылық, қуғын-сүргінде жазықсыз жазаланған ата-бабаларымыздың да рухына арналып, мешіттерде қасиетті құран аяттары оқылды. Бұл күннің қоғамға әсіресе жастарға берері мол. Отан үшін жан тәсілім еткен бабалардың ерлігін ұлықтау олардың басты парызы.

Сұлтанбек Медер   Студент

Көнеден келе жатқан Наурызнама дәстүрін жаңғыртуға бағытталған тағзым күні осылайша аталып өтті. Ал, ертең Әулиеата өңірінде «Алас» күні. Сондықтан, облыс орталығында жалпы қалалық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылады.

Данияр Асқарұлы

Руслан Сандыбай  «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
20:53, 22 мамыр 2019
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар