ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ

15:35, 9 шілде 2019

Ағын судың тапшылығы қатты сезіле бастаған қазіргі кезеңде тамшылатып суару әдісін енгізу  заман талабы. Ол ең бірінші суды үнемдесе, екінші көп өнім кепілі болмақшы. Осыған орай облыста бұл жүйеге көшіп жатқандардың қатары жылдан жылға артып келеді. Мәселен Байзақ ауданы бойынша былтыр 340 гектар жерге озық технолгогиялар  енгізілсе, биыл ол тағы да 100 гектарға ұлғайтылып, барлығы 1346 гектарға жетіпті. Толығырақ тілшіміз Бақытжан Советұлы айтып береді.

 Түймекент аулына қарасты Талап шаруа қожалығы  биыл  300 гектар жерді игеріп отыр. Оның тең жартысы жаздық арпа мен бидай болса, көкөністің де көсегесін көгертіп отыр. Қызанақ қазірдің өзінде түйін салып үлгеріпті. 10 гектар жерге тұңғыш рет тамшылатып суару әдісін қолданған шаруашылық биыл жоғары өнім алуға үмітті. Шаруашылықтың шырайын кіргуге жастар да атсалысып жүр. Соның бірі Сарыкемер аулындағы  кәсіптік оқу орнын тәмамадған механизатор Руслан Тілепов.

РУСЛАН ТІЛЕПОВ                          /Механизатор/

 Шаруашылық балтамырды баптауға да баса мән беруде. 50 гектар жерге егілген қант қызылшасының шығымы жақсы. Тәтті түбірге ден қойғандар үшін үкімет жылда көмекқаржысын беріп келеді. Биыл оның көлемі тағы да артып отыр.

БОЛАТ САҒЫМБЕКОВ     /Байзақ аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы/

Жалпы Байзақ ауданы бойынша биыл 1207 гектар жерге қант қызылшасы егілсе, көкөніс пен бақша дақылдардың көлемі өткен жылға қарағанда едеуір ұлғайған. Атап айтқанда биыл дала еңбеккерлерінің алдында 6555 гектар жердің көкөнісі мен 2326 гектар жердің бақша дақылдарын жинау міндеті тұр.

БАҚЫТЖАН СОВЕТҰЛЫ ҒАЛЫМЖАН ЕСЕНБАЕВ «ЖАҢАЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІ»

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар