Тараз қалалық мәслихатының сессиясында

20:10, 18 тамыз 2017

Бүгін 6-шы шақырылған Тараз қалалық мәслихатының кезектен тыс 22-ші сессиясы өтті. Жиында бірнеше мәселелер қаралып, екі жылдыққа арналған қала бюджетіне енгізілетін өзгерістер жобасы талқыланды.  

Ең әуелі экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің 2017-2019 жылдарға  арналған қалалық бюджетке қатысты баяндамасы тыңдалды. Келер жылда атқарылатын істер ауқымды, сәйкесінше оған жұмсалатын қаражат та аз емес екен. Бұл тұста халық сенімін арқалаған жандардың көңілі толмаған бір мәселе табылды. Ол соңғы 3 жылда көтеріліп келе жатқан шаһардағы №1 мектепке қосымша құрылыс жүргізу ісі тағы аяқсыз қалғаны. Сондықтан, жыл соңына дейін сметалық құжатын әзірлеп, келер жылы жапсарлас ғимарат соғуды қолға алу керектігін баса айтты. Себебі 1000 балаға шақталған білім ошағында бүгінде 1500 оқушы оқуда. Жағдай осылайша жалғаса берсе, 3 ауысымға көшуге мәжбүр. Мұнан өзге, иесіз қалдықтарды басқару, жастар ісі және діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі шешімдерге өгерістер енгізілді. Сондай-ақ, біраздан бері басшысыз қалған Тараз қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметі бастығы лауазымына үміткер азамат таныстырылды. Қаныбек Төлешов 20 жылдан астам Ішкі істер органында әртүрлі қызметтерде істеген. Жауапты істе мол тәжірибеге ие екендігін ескерген халық қалаулылары сенім артып, бірауыздан келісілді.

Бауыржан Үдергенов, Тараз қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары

кандидат Қаныбек Төлешов  Ішкі істер министрлігі, Жамбыл облыстық ішкі істер департаменті және де облыстық жергілікті полиция қызметімен мақұлданған

Гаухар Рысбай, Асқар Әділ, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

«Жер 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Жамбылда өтеді
20:50, 22 қыркүйек 2017
«Жер 2017» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Жам...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
20:56, 18 қыркүйек 2017
Мемлекет басшысы жұртшылық өкілдерімен кездесті
Толығырақ...
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
20:47, 18 қыркүйек 2017
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жамбыл облысына жұмыс сапары
Толығырақ...
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
15:57, 19 қыркүйек 2017
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
Толығырақ...