ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

«TARAZ СИМФОНИЯСЫ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ

20:35, 10 қазан 2019

 

 «Taraz симфониясы» өнер фестивалі өз мәресіне жетті. 2019 жылдың сәуір айынан бастау алған бұл жоба ең үздік жас өнерпаздарды анықтап, іріктеп шықты. Облыстағы тың жобаның жаңалықтары мен үздіктері туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте   облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы  Дүйсенәлі Бықыбаев мәлімдеді.  

2019 жыл «Жастар жылы» . Осыған орай өңірдегі жастарды қолдау, ынталандыру , шығармаларын насихаттау мақсатында өткен бұл фестиваль үш кезеңнен тұрды. Оған 30 жасқа дейінгі   300- ге жуық өнерпаз қатысып, бақтарын сынады. «Аспапта орындау» және «Вокал» номинациялары мен Классика, джаз , романс жанрлары бойынша өткен іс-шарада талантты жастарды анықтау оңайға соққан жоқ. Өнепрпаздардың барлығы барын салып бақты. Әйтсе де ауыл-аймақ, аудан және облыс көлемінде өткен фестиваль барысында жүзден жүйрік атанғандар да анықталып,   нәтижесінде 36 үміткер  үздік деп танылды. Енді 10 қазан күні «Баласағұн» концерт залында олардың қатысуымен «Тараз симфониясы» өнер фестивалінің гала концерті өтеді.

Дүйсенәлі БЫҚЫБАЕВ -  ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
20:49, 18 қазан 2019
ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар