ШҰҒЫЛ! ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАҒАН ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМА Толығырақ

Таразда алғаш рет студенттерге арналған қызмет көрсету орталықтары ашылды

19:50, 12 қаңтар 2018

Елбасының биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы міндеттердің бірі -адами капитал-жаңғырудың негізі делінген.Онда жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындаудың маңыздылығы көрсетілген. Осыған орай М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінде қызметкерлер мен студенттерге арналған 4 қызмет көрсету орталықтары ашылды.

Университетте ашылған алғашқы орталық «QYZMET TARSU» деп аталады. Көрсетілетін қызметтердің барлығы «Бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейді. Яғни, студенттер өзіне керек анықтама мен құжаттарын бұрынғыша уақыт жоғалтып сандалмай, осы жерден керегінше қағаз немесе  электронды түрде лезде ала алады. Мұндағы мамандардың көрсеткен қызметтерін білімгерлер арнайы дисплей арқылы бағалайды. 

Махметғали Сарыбеков, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры

Кеше ғана жарияланған Елбасының  Жолдауындағы міндеттерге жауап ретінде бірнеше  біз орталық ашып отырмыз. Негізгі орталықтардың бірі-Тараз қызмет деп аталады. Орталықтың негізгі бағыты- студенттерге біз 15 түрге жуық жуық мемлекеттік қызмет көрсетеміз. Студенттер мұнда ешкіммен кездеспейді, ешкімнің алдында табалдырық тоздырмайды

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласында латын графикасына көшіру міндеті жүктелген. Осыған орай, «Латын графикасын үйретудің оқу-әдістемелік» кабинеті де ашылды. Мұнда қонақтарға жаңа әліпбиді үйретудің бағдарламасы таныстырылып, алға қойған жоспарлар айтылды.

Балмира Мырзабаева, М.Х.Дулати атындағы ТАРМУ «Латын графикасын үйретудің оқу-әдістемелік» кабинетінің жетекшісі

Бұл кабинеттің негізгі мақсаты- университеттегі профессор оқытушылармен жаңа әліпбиге психологиялық тұрғыдан дайындау.

Сонымен қатар, « Рухани жаңғыру» жобалық офисінің жұмыс бөлмесі де таныстырылды.  Ал, университетте ашылған төртінші орталық «Инклюзивті білім берудегі  психологиялық бейімделу» деп аталады. Мұнда мүмкіндіктері шектеулі  студенттерге жоғары білім беру бағдарламалары бойынша  арнайы сабақтар өткізіледі.

Гүлзат Сейдуллақызы, Асқар Әділ, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ КӨЛЕҢКЕДЕ ҚАЛМАУЫ ТИІС
13:10, 20 сәуір 2018
ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ КӨЛЕҢКЕДЕ ҚАЛМАУЫ ТИІС
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ФИЛИАЛЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
20:30, 16 сәуір 2018
ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ФИЛИАЛЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА
20:30, 16 сәуір 2018
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА
Толығырақ...