ШҰҒЫЛ! Тіл реформасы-рухани жаңғырудың өзегі Толығырақ

Таразда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

13:15, 13 ақпан 2018

Елбасы Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттырудың негізгі тетіктерін атап көрсеткен. Соның бірі-халықты жұмыспен қамту мәселесі. Осыған орай, облыс орталығында бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. 

Жәрмеңкеге шаһардағы 23 жұмыс беруші мекеме қатысты.  Іс-шара барысында  тұрғындарға   100-ден аса бос ваканциялар ұсынылды. Олардың 30-ға жуығы мемлекеттік қызмет саласындағы лауазымдар болса, қалғаны техникалық маман иелеріне арналған жұмыстар. Қызмет сұрағандардың көпшілігі- педогогикалық, медициналық  және гуманитарлық  мамандықтарды тәмәмдаған жастар . Әр мекеме өз сұраныстарына сәйкес мамандарды жұмысқа шақырып, қажетті құжаттарын рәсімдеді. Жаңа жұмыс орындары ашылып, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы, расында, көпке пайдалы шаруаның бірі екені анық. 

Нұрлан Еркебаев –ҚР МЕМЛЕКЕТТІК  ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ  ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТІГІНІҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША  ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ \Бұл іс-шара осы мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету. Осы азаматтықтың мемлекеттік қызметке деген тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Сондықтан бүгін бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 

Г.Сейдуллақызы, Р.Бегалы  «Жаңалықтар қызметі»

 

 

 


 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Тіл реформасы-рухани жаңғырудың өзегі
20:35, 23 ақпан 2018
Тіл реформасы-рухани жаңғырудың өзегі
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

 Жамбыл облысы әкімінің халыққа есеп беру кездесуі
20:39, 21 ақпан 2018
Жамбыл облысы әкімінің халыққа есеп беру кездесуі
Толығырақ...
Облыс әкімі  Тұрар Рысқұлов ауданына жұмыс сапарымен барды
20:35, 22 ақпан 2018
Облыс әкімі Тұрар Рысқұлов ауданына жұмыс сапарымен барды
Толығырақ...