ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ

17:03, 22 шілде 2019

Туризмді дамыту – толайым табыс, мерейлі мәртебе. Алатау баурайынан –Мойынқұм жайлауына дейін ен жайлаған Әулиеата өңірі  көрікті мекендерден кенде емес.   Мәселен, Жуалы ауданында арнайы қасиетті орындардың картасы жасалып, туристерді көптеп тарту жұмыстары жүріп жүріп жатыр. Аталған ауданға арнайы барып, туризм нысанына айналған тарихи орындармен танысып қайтқан Данияр Асқарұлының бейнематериалында.

Туризмді дамыту – табыс көзі екендігі даусыз. Алайда, оны дамытып, Жуалының  жауһар жерлерін елге таныту үшін нақты әрі жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі, Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Қазақстанның сокралды географиясы картасына аталған ауданнан бірнеше нысандар кірген. Соның бірі Шақпақ әулие үңгірі.

Жуалы ауданының ең шеткі ауылдарының бірі осы Шақпақ ата елді-мекені....

Шақпақ елді-мекені туралы тарихи деректерде де көп айтылады. Тағы бір ерекшелігі мұнда кремний тастары көп кездеседі. Осыған байланысты да тарихта бірнеше деректер бар.

Дәулетжан Байдалиев / Өлкетанушы

Бұдан бөлек, Елдегі ең көне қала саналатын ежелгі Баркуаб қаласының қазба жұмыстары басталған болатын. Жуалы ауданындағы Теріс ауылының аумағындағы нысанға түрлі археологиялық топ зерттеу жүргізіп, болжамдар жасауда. Болашақта Жамбыл өңіріне турист тару үшін таптырмас жоба болып отырған нысанды қазып, зерттеуге Жуалы ауданының бюджетінен 10 млн теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ, ол жерден табылған жәдігерлерді жинақтап, жұрт назарына ұсыну үшін аудан орталығынан арнайы музей салынды. Ғалымдар Баркуабтың Тараздан әлдеқайда көне екенін айтуда. Сол үшін де көпшіліктің көне шаһарға деген қызығушылығы күн өткен сайын арта түсуде. Ал, осы қалашықтың дәл іргесінде қазіргі уақытта туристер тамашалауға дайын тағы бір ескі қалашық бар.

Жылқышы төбе деп аталатын бұл ескі қалашық археолог мамандардың айтуынша сонау ІІ ғасырға тиесілі екен....

Сонымен қатар аталған ауданда бұдан бөлек тағы жеті киелі тарихи орындар картасы әзірлеген. Енді алдағы уақытта аудандық әкімдік туристік нысандарға жол, арнайы қонақ үйлер салу мәселесін қарастыруда.

 Сауытбек Маханбетов  Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Иә, туризм дегенде Әулиеата өңірінің әлеуеті қуатты.  Бай табиғаты, тарихи мол мұрасы бар.Сондықтан, бірінші кезекте жоспарлы жұмыс керек.

Данияр Асқарұлы

Тоқтар Терлікбай «ЖҚ»

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар