ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ – ӨНЕРТАПҚЫШТЫҚ ШЫҢЫ

18:47, 10 маусым 2019

Таразда техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың республикалық жарысы бастау алды. Оған еліміздің әр аймағынан жалпы саны 160 адам қатысып, өзара бақ сынасуда. Жарыс екі күнге жалғасып, жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде жарыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ән мен жырдан шашу шашылып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын байқауға биыл 11-17 жас аралағындағы 160 адам қатысуға ниет білдіріпті. 

Гүлдана МАХАМБЕТОВА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ

 Жарыс радиомен басқарылатын авто, автотрассалық, әуе, кеме және зымыран модельдердің кластары бойынша жүргізіледі. Жарыс ережесіне сай, қатысушылар үш алаңға бөлініп, өз жобаларын қорғауда. Ағаби Абдусаметов Түркістан облысынан келген, ол қашықтықтан басқарылатын әуетасығышын ойлап тауып, оны бір жеті бойы құрастырған. 

Ағаби АБДУСАМЕТОВ, ҚАТЫСУШЫ /ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ/

Жарыс қорытындысы бойынша, қатысушылар «Үздік өнертапқыш», «Алтын зымыран», «Үздік техник», «Үздік кеме құрастырушы», «Үздік көлік құрастырушы» және «Үздік әуе модельдеуші» номинациялары бойынша анықталатын болады. Сондай-ақ, жеңімпаздарға дипломдар мен құнды сыйлықтар, жетекшілеріне алғыс хаттар, ал барлық қатысушыларға сертификаттар табысталмақ.

Қымбат Қаржауқызы, Өміртай Ыбырай, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
19:09, 12 тамыз 2019
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...