ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 78 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ Толығырақ

ТӘНГЕ СУРЕТ САЛУДЫҢ ЗАРДАБЫ

18:38, 14 тамыз 2019

Тәнге сурет салу -  денсаулыққа зиян, дейді дәрігерлер.  Алайда кейбір желпінген жастар татуировка дегенді сән көреді.  

Жастар ғана емес,  денесіне сурет салдыруға құмартатын қарттар да бар екен. Тақырыпты Ардақ Сапибулла жалғастырады.

 

Ардақ Сапибулла: Бүгінде татуды білмейтін адам жоқ шығар. Бірі қас-ерін пішіндерін өзгерту үшін косметикалық  тұрғыда қолданса, енді бірі  түрлі картиналарды тәнге таңбалатқызады. Инемен тесу арқылы салатын суретке жас баладан зейнеткер кісілерге дейін қызығушылық танытады екен.

Татуировка бұл- тері астына бояуыштарды ендіру жолымен салынатын адам денесіндегі сурет. Ежелгі заманда ол белгілі бір  тайпаға тиесілі маңызды ақпаратты білдіретін  болса,  ал қазір  үштің бірінің  тәнінен табылады.  Кейбірі сән қуып,  түрлі нақыштағы суреттерді бейнелетсе,  енді бірі   денесіндегі кемшіліктерді жасыру мақсатында жасататын  көрінеді.  Бағдат Тұрар татуировка салудың шебері. 8 жылдан бері адам денесіне сурет салады. Оның айтуынша, денеге сурет салғызу дәл қазір үлкен сұранысқа ие. Оның салонына  16 жастағы жасөспірімнен  бастап, 60  жастағы зейнеткерге дейін  келеді екен. 

Елдің сұрауы бойынша орыстар көбіне орыстар келе ма дейді. Бірақ қазақтар да орыстар да яғни өзге ұлттар да келеді. Возроспен де шектеу жоқ. 16 жастан кейін ғана разрешения бар. Бұл негізі 5000 нан басталады. Размеріне, суреттің сложностьіне қараймыз. Объеміне де қараймыз.)

Тілеуқабыл Саржан  қолына мына бір суретті салғызғанына  00000 жыл болыпты. Кезінде кәсіби маманға емес, әуесқой шеберлерге арнайы машинкамен  салғызған екен. Бүгінде ешқандай өкінбейтінін айтады.

Тілеуқабыл САРЖАН – ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ-

(-мен бұл суретті 20 жасымда салғыздым. Әлі де салсам ба деген ойым бар. Мен татуаж жасатқаным үшін еш өкінбеймін)

Мамандардың айтуынша, татуировка жасату адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Көп жерлерде  құрал-жабдықтардың, денені тесетін иненің стерильденетініне ешкім кепілдік бермейді. Салдарынан   В, С гепатиті , тіпті АИТВ   сияқты ауыр және қауіпті инфекциялар жұғуы әбден мүмкін. Әсіресе денесінде меңі бар адамдар оны жасатуға  тырыспауы керек. Оның соңы  тері обыры сияқты ауруларға әкеліп соғуы ғажап емес. 

Аида  АХМЕТЖАНҚЫЗЫ – ЖАМБЫЛ  ОБЛЫСТЫҚ ТЕРІ- ВЕНЕРОЛОГИЯЛЫҚ ДИСПАНСЕРІНІҢ  МЕҢГЕРУШІСІ

(-Денеге сурет салғызу басқаша айқтақанда татуировка денеге 0,8 мм теріге эпидермистің жоғары қабатына органикалық бояуды енгізу болып табылады. Татуировканың бас жауы герпис деген ауру. Ол адамның денсаулығында бар. Сурет салғанда қозуы мүмкін. Соған байланысты татуировканы жасатпас бұрын дәрігерден кеңес алу қажет.)

Тәнге таңба салғызу ислам дінінде де қарама-қайшы әрекет деп түсіндіреді имамдар. Себебі адамның тәні – өзіне аманат. Оған шимайлап сурет салу - аманатқа қиянат жасағанмен бірдей деген  имам Бағзат Ақжолов,  жастарды бұл әрекеттен аулақ болуға шақырады.

БАҒЗАТ АҚЖОЛОВ -   «ҺИБАТТУЛЛА ТАРАЗИ»  МЕШІТІНІҢ НАИБ-ИМАМЫ

(-Татуаж, сурет салу  мәселелері дінімізде үзілді-кесілді қарсы. Ғалымдарымыз, ислам ғұламалары харам деп бекіткен. Себебі аят –хадистерде негіз бар. Аятқа тоқталар болсақ, шайтанның іс-қимылының ішін білдірте келе адамдардың жаратылысын өзгертуге әмір етемін деген сөзіне түрткі болады. Шайтан уәсудәсә беріп, Алланың жаратқан әміріне теріс баға беріп, жаратылысты өзгертугетырысады. Татуаж да омсының көрінісі.)

Бүгінгі қоғамның сән саласындағы басты тақырыптың біріне айналған бұл сән түріне  аз уақытта тоқтау салынбасы анық.  Адам ағзасына түрлі инелердің тесуі арқылы жасалатын бұл суреттер адам психологиясын да күрт өзгертеді дейді мамандар.   

А.Сапибулла, Тоқтар Терлікбай, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар