ШҰҒЫЛ! ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - ӨҢІРДІ ДАМЫТУ Толығырақ

Тиімді бағдарлама – ел игілігіне

20:35, 13 наурыз 2018

Облыста ауыл шаруашылығы саласын жаңа технологиялармен қамтамасыз ету, өнеркәсіп өнімдерін өркендету ісі нақты қолға алынуда. Осы бағытта «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» орындалып, нәтижелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясында өткен партиялық тыңдауда айтылды.

2017 жылы облыстық аграрлық өнеркәсіп кешенін дамытуға барлығы 15 млрд 400 млн теңге бөлінген. Соның нәтижесінде 255 млрд теңге көлемінде өнім өндіріліп 105 пайызды құрап отыр. «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламасы арқылы несие алып, мал бордақылап жатқан шаруалардың саны көбюде.Байзақ, Мойынқұм аудандарында жылыжай шаруашылығы, тамшылатып суару технологиясы, үдемелі алма бақ отырғызу жұмыстары қолға алынған. Десек те мәселер де жоқ емес. Мойынқұм ауданында ауыл шаруашылығымен айналысамын деген азаматтар несиені 14 пайызбен алады. Ниет білдірушілер бұл пайыздың жоғарғы екенін  айтып, төмендетуді сұрайтын көрінеді. Осының салдарынан жердің 53 %-ы ғана игерілген. Одан бөлек жаңа техника алуға кепілдік қою мәселесі тағы бар.  Байзақ ауданына осы салада қызмет ететін мамандар өте тапшы, техниканың ескі екендігі сөз болды.  Алдағы уақытта «FTC EQUITY» компаниясы жалпы құны 550 млн тг құрайтын «Тараз индустриалды агропарк аймағы» деп аталатын үлкен инвестициялық жобаны қолға алмақшы. Оның нәтижесінде 1 мың гектар үдемелі алма бағы отырғызылады. Сондай-ақ,жиында қант қызылшасының буданынан «Тараз» деп аталатын тұқым шығару жоспарланып отырғандығы айтылды.

Ерлан ҚҰЛКЕЕВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ  БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ  /Қазіргі уақытта облыстық бюджеттен 440 млн,тг қаржы бөлініп Франция, Германия мемлекеттерінен сапалы, жақсы, жоғарғы өнімдер мен будандар алынып, қант қызылшасы зауыттарына жеткізілді. Ендігі кезекте өзіміздің будандардан ьұқым шығарсақ па деген ойдамыз. 

Тақырып бойынша материалдар

«БІРГЕ ЖЕҢЕМІЗ» МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ЭСТАФЕТАСЫ
20:30, 21 қыркүйек 2018
«БІРГЕ ЖЕҢЕМІЗ» МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ЭСТАФЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«JAMBYL» ТЕЛЕАРНАСЫ ЖАҢА МАУСЫМЫН БАСТАДЫ
20:30, 18 қыркүйек 2018
«JAMBYL» ТЕЛЕАРНАСЫ ЖАҢА МАУСЫМЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...