ШҰҒЫЛ! ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - ӨҢІРДІ ДАМЫТУ Толығырақ

Тіл реформасы-рухани жаңғырудың өзегі

20:35, 23 ақпан 2018

Елбасы белгілеп берген үлкен бағыттардың бірі – тіл реформасы. Ал тілдік реформа – рухани жаңғырудың өзегі.  Бүгін Тараз Мемлекеттік Педагогикалық университетте «Рухани жаңғыру: ХХІ ғасырдағы заманауи білім беру кеңістігінің  парадигмалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференция жұмысына еліміздің әр облысынан келген атақты профессор-ғалымдармен қатар,  АҚШ, Туркия секілді алып мемлекеттердің жоғарғы оқу орындарының ұстаздары мен профессорлары қатысты. Шетелдік қонақтар Қазақстанның қазіргі даму тенденцияларына жақсы пікір білдірді. Тәуелсіз жас мемлекеттің латын графикасына көшуі өте дұрыс шешім. Себебі,  қазір әлемде ілім мен ғылымның барлығы осы алфавитте жазылған. Бұл ақпарат кеңістігіне еркін өтуіне үлкен жол ашпақ.

Дуглас ААРОН-АҚШ, ФРАМИНГАМ УНИВЕРСИТЕТІ, АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ МАМАНЫ \.Біз Қазақстандағы жазбалардың өзгеру уақытын көріп отырмыз. Бұл елдің өзінің ресми әліпбиін 100 жылдан астам уақыт бойы өзгеріп жеткендігін көреміз.Кеңес одағының әсерінен латыннан криллицаға ауысты.  Тәуелсіздік алғаннан кейін қазіргі заман технологиясындағы латынша жазуға өтуі өте дұрыс шешім деп ойлаймын\

Жиында  ғалымдар  латын графикасына ауыстырылған қазақ тілінің болашағы жайында әңгімеледі. Латын қарпінің енгізілуіне байланысты емле ережеміз де өзгеруі тиіс. Тіл жанашырлары  қазіргі қолданыстағы ережелердің көбін қажетсіз деп танып отыр. Өйткені, кирилицадағы таңбалар арқылы қазақ тілінің артикуляциялық, фонетикалық және 

Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ-ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР \Сөйлеу станогымыз орыстың станогы. Енді латын әріпіне көшкенде, біздің тіл өз қалпына келеді.Мұндағы үлкен шешуші мәселе осы.Бүкіл халықаралық деңгейде бір әріпте болғаннан кейін оныңтілін біз біліп, кез – келген халықтарды оқи беретін жағдайға жетеміз.\\

Елбасы өз  Жолдауында еліміздегі педагогикалық оқу орындарына  орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшуді тездететін мұғалім даярлау міндетін қойған болатын. Бұл ретте Тараз Мемлекеттік Педагогикалық университеттінің алар өзіндік орны бар. Мұнда қазірдің өзінде студентерді жаңа инновациялық әдістемелер арқылы оқыту жүзеге асырылуда.

Г.Сейдуллақызы, Ғ.Есенбаев «Жаңалықтар қызметі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«БІРГЕ ЖЕҢЕМІЗ» МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ЭСТАФЕТАСЫ
20:30, 21 қыркүйек 2018
«БІРГЕ ЖЕҢЕМІЗ» МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАР ЭСТАФЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«JAMBYL» ТЕЛЕАРНАСЫ ЖАҢА МАУСЫМЫН БАСТАДЫ
20:30, 18 қыркүйек 2018
«JAMBYL» ТЕЛЕАРНАСЫ ЖАҢА МАУСЫМЫН БАСТАДЫ
Толығырақ...