ШҰҒЫЛ! КӨКӨЗЕК АУЫЛЫНДА 5 КЕЛУШІГЕ АРНАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ Толығырақ

ТІРЛІКТІҢ КӨЗІН ТАБУ – БАСТЫ МІНДЕТ

20:30, 28 қыркүйек 2018

Меркіде өңірді өркендетуге  мүмкіндік мол,алайда, кезегін күткен тірлік те аз емес. Ауданға жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Асқар Мырзахметов бірқатардың нысандардың тынысымен танысып, жұмысын жандандыру жолдарын да айтты.

Ауданға жұмыс сапары барысында  «Меркі қант  зауытына» барған өңір басшысы кәсіпорынның жұмысымен танысты. Зауыт директоры Нұржан Қарғабаев  өткен жылы зауыт 70 мың тонна қант қызылшасын қабылдаса, биыл бұл көрсеткіш екі еседей артады деп күтіліп отырғанын жеткізді.  1934 жылы негізі қаланған кәсіпорында қазір 200-ден аса жұмысшы қызмет етеді. Олардың орташа айлық жалақысы 56300 теңге.25 қыркүйектен бастап тәтті түбір қабылдап  жатқан зауытта бүгінге дейін 4 мың тоннаға жуық қызылша жиналған. Зауыт қант қызылшасының келісін 8 теңгеден қабылдап жатса, субсидия арқылы өткізушіге келісіне 12 теңгеден төленуде.

Асқар Исабекұлы суармалы жердің көлемін арттыру арқылы ауданда тәтті  түбір алқаптарын едәуір ұлғайтуға болатының ескертті. Ол үшін қажетті  шағын су қоймаларын уақыт оздырмай іске қосып, жұмысты сылбырлыққа салмай, келер жылдан жұмыстың нәтижелігіне қол жеткізе бастау керектігін айтып, нақты тапсырмалар берді.  Су жүйелерін тазалауда меxаникалық жасақтың көмегін ұтымды пайдалануды баса айтты.

Бұдан соң облыс басшысы Ойтал  ауылындағы мемлекеттік жекеменшік әріптестік  шеңберінде салынып жатқан  дәрігерлік аммбулатория ғимаратымен танысты. 35 миллион теңгеге соғылып жатқан нысан 1 - қазан күні пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Асқар Исабекұлы нысанның  ішкі және сыртқы ұсақ-түйек жұмыстарын асықпай, тиянақты әрі мұқият жүргізу керектігін жеткізді. Сондай-ақ тиісті тұлғаларға облыстағы дәл осы көлемдегі қаржыға салынып жатқан осындай медициналық нысандардың сапасына жіті мән беруді, ең жақсысын өзгелерге үлгі ретінде ұсыну керектігін тапсырды.

Сондай ақ, "Олжа" шаруа қожалығының 3000 басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңында болған Асқар Мырзаxметов қожалық жетекшілеріне ет комбанитаның жүктемесін отыз пайыздан елу-алпыс пайызға арттыруды, сол бағытта жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.  Ет өнімдерін өндіріп, өңір нарығы үшін  жұмыс жасауды назарға алып, сол арқылы аудан, облыс экономикасын көтеруге болатынын  тілге тиек етіп,  жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНІП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ!
21:26, 14 желтоқсан 2018
ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНІП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ!
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
21:24, 14 желтоқсан 2018
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ 7 ҚЫРЫ – ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
21:07, 14 желтоқсан 2018
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ 7 ҚЫРЫ – ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар