ШҰҒЫЛ! ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - ӨҢІРДІ ДАМЫТУ Толығырақ

ТӨБЕЛЕСКЕН БАСШЫЛАР ЖҰМЫСТАН КЕТТІ

22:15, 12 маусым 2018

Басшылар нені бөлісе алмады? Тараздағы темір жол вокзалы басшысы мен орынбасарының жұмыс орнында жаға жыртысуы үлкен дауға ұласты. Әлеуметтік желіге тараған төбелес қазір қызу талқыланып жатыр. Осы жағдайдан кейін беделімізге нұқсан келді ме, әйтеуір ҚТЖ Ұлттық компаниясы қызу қанды қызметкерін жұмыстан қуған.Мына кадрда кабинеттен дәлізге шыққан бойда екі кісі алыса жөнеледі. Шомбал денелісі вокзал басшысы Талғат Төлебеков дейді мұндағы қызметкерлер. Ал оған әлі жетпей астында қалған орынбасары Мақсат Садығұлов екен. Жаға жыртысқан басшыларын қол астындағылары ажыратып әлеке түскен. Бірақ қызу қанды Төлебеков сонда да қояр емес, Садығұловты соңынан қуып барып тағы сабамақ болған. Төбелестен ешкімнің басы жарылып көзі шыға қоймағанымен осы әрекеті үшін Төлебеков әкімшілік жауапқа тартылып, 24 мың теңге айппыұл төлеген. Және бұл жағдай үлкен дауға ұласқасын қызметінен де қуылды. Бірақ бұрынғы вокзал басшысы бұл істі жай қалдырмаймын дейді. Ол видеоны әлеуметік желіге жүктегендерді сотқа сүйремек. Ал, өзі орынбасары бұйрығына бағынбай, аузына келгенін оттап балағаттағасын осылайша сабасына түсірмек болдым деп ақталды.   

 

Тақырып бойынша материалдар

БАЛАБАҚШАДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ КАБИНЕТТЕР АШЫЛДЫ.
20:30, 17 қазан 2018
БАЛАБАҚШАДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ КАБИНЕТТЕР АШЫЛДЫ.
Толығырақ...
ТІЛ ЖАҢҒЫРУЫ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА ӘЛІПБИІ
20:30, 17 қазан 2018
ТІЛ ЖАҢҒЫРУЫ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЖАҢА ӘЛІПБИІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар