ШҰҒЫЛ! ФУТБОЛ: ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ Толығырақ

«Тоқмади ісі»

20:25, 13 ақпан 2018

Кеше Таразда белгілі  бизнесмен Мұратхан Тоқмадиге қатысты алдын –ала сот тыңдалымы өтті. Оған  «Тұран әлем банкінің» бұрынғы басқарма басшысы, банкир  Ержан Тәтішовты өлтірді деп айып тағылған.

Тоқмадидің ісі 78 томнан тұрады. Оған адам өлтірді деген ауыр айып тағылып отыр. Сот тыңдалымы Мұратхан Тоқмади мен оның қорғаушысы қатысты. Айыпталушы тарап өтініштері бойынша бейнекамераға түсіруге келісім берілмеді. Аты шулы іске қатысты сот отырысы жұмаға белгіленді.

Ілияс Есқалиев, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ БІРІНШІ ҚЫЗМЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ /// Мұратхан Тоқмәдиге 1997 жылғы редакциядағы ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлімі «ж», «з» тармақтарымен кісі өлтіру, оның ішінде «алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобын құру, пайда табу мақсатында жалданып не қарақшылықпен, қорқытып алушылықпен не бандитизммен адам өлтіру» бойынша айып тағылды. Тергеу кезінде Тоқмади өзінің қылмысын мойындады. Ол аңшылық кезінде «Зауэр» маркалы мылтықты қолданған. Тапсырысты кім бергені жайлы ақпараттар әзірге айтылмайды.

Серік Жұмабек «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ЗАҢСЫЗ АРАҚ – ШАРАП ӨНІМДЕРІ ТӘРКІЛЕНДІ
20:30, 24 мамыр 2018
ЗАҢСЫЗ АРАҚ – ШАРАП ӨНІМДЕРІ ТӘРКІЛЕНДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«Men qazaqpyn» дәстүрлі әнші, күйші, термешілердің телевизиялық байқауының аудандардағы іріктеу кезеңі аяқталды
12:30, 21 мамыр 2018
«Men qazaqpyn» дәстүрлі әнші, күйші, термешілердің телевизия...
Толығырақ...
ЗАҢНАН АТТАҒАН  БАСШЫЛАР ТӘРТІПКЕ ШАҚЫРЫЛДЫ
20:30, 18 мамыр 2018
ЗАҢНАН АТТАҒАН БАСШЫЛАР ТӘРТІПКЕ ШАҚЫРЫЛДЫ
Толығырақ...