ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

ТӨЛ ҚҰЖАТТЫҢ ӘЛЕГІ

20:10, 9 шілде 2019

Шымкент қаласының тұрғыны Сағира Тұрсынбаева Меркі ауданында тіркеуінен шыға алмай жүр. Оңтүстікте тұрғанына бірнеше жыл болса да онда тіркеле алмаған.  Соның салдарынан аналарға тиесілі әлеуметтік көмектерден де қағылыпты.

Сағира Тұрсынбаева –8 жылдан бері төл құжаттың әлегімен сенделген.  Өзбекстаннан көшіп келген азаматша әуелі,  Меркіде тіркеледі.  Арада Алматы қаласына жұмыс барысымен барып, алаяқтардың арбауына ілінген. Үй тіркеуіне қоямыз дегендер құжаттың түпнұсқасын жоғалтады.  Сондықтан, Шымкентке  тұрмысқа шықса да осындағы  тіркеуден шыға алмай жүр.

Сағира Тұрсынбаева аудан тұрғыны\ қиналғанын, телеарнаға алғыс айтады, көші қон полициясына сенім артып отырғанын айтады \

Мән – жайды түсіндіріп, көмек қолын созса деген ниетте аудандық ішкі істер бөліміне ат басын бұрдық. Көші – қон полициясының мамандары мәселеден хабардармыз, шешеміз дегенді айтты.  

 Ануар Мамытбеков аудандық  ішкі істер бөлімі басшысының кадр жөніндегі орынбасары, /Өзбекстан елшілігіне құжаттар жіберіп, жұмыс жасалып жатыр, уәде береміз бітіруге дейді/

Мамандар аз уақыт ішінде құжатын түгендеп, тіркеуден шығаруға көмек береміз деп сендірді. Мәселе шешілсе, шымкенттік келіншек тиісті әлеуметтік жеңілдіктерге де қол жеткізуі мүмкін.

Назима Дәрменқызы, Тоқтар Терлікбай «ЖҚ»

 

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар