Толассыз жауған жаңбырдан Таразда көлік қозғалысы қиындады

18:30, 17 сәуір 2017   90

Таразда кешелі бері толассыз жаңбыр жауып, тек таң ата тоқтады. Салдарынан қаланың кейбір негізгі күретамыр көшелерін су басып, көлік қозғалысына кедергі келтірді. Толығырақ жағдаймен жіті танысып қайтқан тілшіміздің  материлында.

Бұл қала шетінде орналасқан Жібек жолы көшесінің жай-күйі. Мөлшерден тыс жауған жаңбырдан жиекте орналасқан суағар жүйесі арнасынан асып кеткен. Себебі су жүгіретін арықтар қоқысқа толы. Бұл су кешіп, әуре-сарсаңға түскен темір тұлпар иелерінің ашуын келтірді.

Қала тұрғыны 

Құрғақ кезде тазалау жұмыстарын жасамайма. Тасыған кезде емес.

Қала тұрғыны 

Бұл бірінші рет емес. Жыл сайын қайталанады. Шаршап кеттік.

Халықтың шағымы негізсіз емес. Тоқтамай жауған жаңбыр көлік қозғалысына кедергі жасап қана қоймай, тұрғындарды да әбден әбігерге салды. Мысалы көше бойында орналасқан бейнекамераға арбаға таңылған бір кісінің дәл сол жолды амалсыз кешіп өтіп бара жатқандығы түсіп қалған. Сонда жауаптылар қайда қарап отыр? Әлде, жұрт дүрліккенде ғана жылы орындарынан тұруға дағдыланып қалған ба? Әйтеуір кейіннен «Тараз-су» мекемесінің қызметкерлері келіп, бірден іске кірісті.

Тілеубек Шәкірәлиев, «Тараз-су» МКК бөлім басшысы

Біз Тараз-су мекемесінен келіп отырмыз. Кейбір мекемелер бізден көмек сұраған болатын. Соған байланысты қазір көпір астын тазалаудамыз судан

Абырой болғанда суды дер кезінде тартып алудың нәтижесінде апатты жағдайдың орын алған жоқ. Енді алдағы уақытта су ағатын арық пен  жүйелер қоқыстан тазартылатын шығар.

 

Алмат Садуақас, Риналь Рахматуллин, Ғалымжан Есенбаев «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40