ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ТӨРТ ТҮЛІКТІ АСЫЛДАНДЫРУ – ДАМУ БАСТАУЫ

13:24, 4 наурыз 2019

Сарысу  ауданында былтыр елді мекендегі шағын  кәсіпкерлікті дамытуға 289 милион теңге бөлінген.  Оның өзі асылтұқымды мал басын арттырып, ет өнімдерімен тек өңірді ғана емес, шет елге шығаруға да мүмкіндік беруде. Ата кәсіпке ден қойып, шаруашылықтың шырайын кіргізіп отырған шаруалар жайлы тілшіміз Бақытжан Советұлы айтып береді.

Сарысу ауданында ең шалғай елді мекенде орналасқан «Көсеге» шаруа қожалығы 1999 жылы құрылған.     Алғашында олар қолдағы бар 5-6 мүйізді ірі қара сиыр және жылқыны бордақылап сатумен айналысЫПТЫ.  Ал былтыр кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 10 милЛион теңге несиеге қол жеткізіп, 270 қой мен асыл тұқымды 10 қошқар сатып алыпты. Оның өзі ұсақ мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік бергелі отыр.

Ардақ Байжанов /Шаруа/

Жалпы, Түркістан ауылдық округі бойынша ата кәсіпке ден қойып, ұсақ малмен қатар, ірі қараның санына емес, сапасына мән беріп отырғандар  жетерлік. Мәселен Үкіметтің көмегі арқылы несие алған «Мұрат»,  «Марат» және «Қызылжар» шаруашылықтары  мал басын арттырып қана қоймай, етті шетке шығаруға да өз үлестерін қоса бастапты.

Дүйсенәлі Борсықов    / Түркістан ауылдық округінің әкімі/

Ауыл әкімінің айтуынша мал шаруашылығына байланысты ауқымды жұмыстар әлі де жүзеге аса бермекші. Биылдың өзінде 4 шаруа қожалығы төрт түліктің төресі Түйенің көсегесін көгертіп, шұбат өндіруді қолға алса,  сонымен қатар бие сауып ,саумал мен қымыз өткеру жөніндегі ұсыныстары да қолдау тауып жатыр. 

БАҚЫТЖАН СОВЕТҰЛЫ НҰРЛЫБЕК ҚҰДИЯР «ЖАҢАЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІ»

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
20:49, 18 қазан 2019
ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар