ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ

19:01, 13 маусым 2019

Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылының маңында трансшекаралық аймақтағы табиғи өртті болдырмау мақсатындағы оқу-жаттығу жұмыстары өтті. Оған Жамбыл облысы мен Қырғызстанның Талас өңірінің өрт сөндірушілері және төтенше жағдай қызметкерлері қатысты.

Жамбыл облысы трансшекаралық аймақ. Сондықтан екі ел арасында болатын өрттің алдын алу бірлесіп жұмыс атқаруды қажет етеді. Оған дәлел былтыр шекараның таулы аймағында орын алған өрт жағдайы болатын. Осы мақсатта ұйымдастырылған бүгінгі оқу-жаттығу жиынына облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков те қатысып, төтенше жағдайлар қызметкерлерінің техника мүмкіндігін көрді. Олардың жалпы жұмыстарының барысымен танысты.

Бағдат ДАНИЛОВ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ

Трансшекаралық оқу-жаттығу жиынына жалпы саны 24 дана техника қатысты. Оның ішінде 1 тікұшақ пен жеке құрамның 169 адамы тартылды. Жамбыл жерінен тұтанған өрт Қырзызстан шекарасына өту қаупі болғандықтан, көрші ел төтеншеліктері де көмекке келіп, нәтижесінде тілсіз жаудың беті қайтарылды.  Оқу-жаттығуға келген Қырғыз елінің өрт сөндірушілері де бірлескен шараның қауіпсіздік үшін маңызы зор екендігін айтып отыр.

Нұрлан БИЖАНОВ ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ, ТАЛАС ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Оқу – жаттығу жиынының қорытындысы бойынша барлығы 35 гектар жерге жайылған өрт түгелімен сөндіріліп бітті. Бұған ауылдық округтен келген еріктілерден бастап, екі облыстың өрт сөндіру қызметкерлері қатысты. Жалпы, алда жаз айларының аптап ыстығы тұр. Сондықтан, оның алдын алу мен болдырмау жұмыстарына оқу-жаттығудың пайдасы да зор болмақ дейді мамандар.

Айбол ҚАРАШ «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар