ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ТРОПИКАЛЫҚ ЖЕМІСТЕРДІ ӘУЛИЕАТАДА ӨСІРУГЕ БОЛАДЫ

20:26, 14 тамыз 2019

 


Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың қосалқы шаруашылықты тиімді пайдалану идеясы – мемлекеттік деңгейде қолдау тауып отыр. Бұл бастама қазір барлық аудандарда нәтиже бере бастады.

Оның әрі қара көкжиегін кеңейту мақсатында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Меркі ауданында семинар өтті.

 

Аймақтағы тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеру  үшін облыстық кәсіпкерлер палатасы  қосалқы шаруашылықты дамыту бойынша «10 сотық»  пилоттық  жобасын іске асыруды қолға алып отыр.  Жобаның мақсаты: қосалқы шаруашылықты тиімді пайдалану, одан табыс табу, ауылдық жерлердегі тұрғындардың әлеуметтік жағдайын көтеру. Жиынға 450-ге жуық жеке кәсіпкерлер мен кәсіп ашуға ниетті азаматтар лимон, бадам, жүзім, анар өсірудің  қыр-сыры мен әдіс-тәсілдерін тыңдауға жиналды. Бұдан басқа  мамандар ауыл тұрғындарына нақты  50 жоба бойынша үйрету семинарлар  өткізіп, дайын жобаларды іске асыруға шақырды.Сондай-ақ, кәсіпкерлер де өз тәжірибелерімен бөлісіп,  лимон өсірудің тәсілдерін үйретті. Семинар соңында қатысушылар көкейдегі сауалдарын қойып, жауаптарын алды.

 

Олжас ҚАРЖАУОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар