Туған мектепке тағзым

22:00, 11 қаңтар 2017

Тараз қаласындағы №1 мектеп-гимназиясында облыстық  «Туған мектепке тағзым» акциясы аясында Қазақстандық сондай-ақ әлемдік ғылыми жобалар мен олимпиядалардың жеңімпазы Загрибельный Богдан оқушылармен кездесу өткізді.

Еліміздің болашағы – ол оқушылар. Олардың ерік-жігері, мақсаткершілігі – мемлекетімізде іске асырылып жатқан барлық бастамалардың табысты болуының кепілі.

Ләззат Қызылқұлова, № 1 меткеп гимназиясының директоры

Бүгін оқушылармен кездесуде жетістікке жетудегі қиыншылықтар олармен күресудің жолдары айталады. Бұл оқушыларға қажет деп ойлаймын.

 «Жетістік жолы» деп аталатын кездесудің мақсаты жас, талантты жастардың өз күштеріне сенулеріне, өздеріне жаңа мүмкіндіктер ашуларына, тәжірибемен, біліммен алмасуға мүмкіншілік тудыру. Кездесуге қаламыздың бірқатар мектептерінің оқушылары қатысты.

Анэль Шарафутдинова

Маған өте ұнады. Көптеген мәлімет алдым. Шабыт алдым. Рахмет айтамын. Біз Богданмен мақтанамыз.

Кешегі үлгілі оқушы бүгінде мектептің мақтанышына айналған. Оқушылармен бүгінгі кездесуінде ол- толағай табыстарға жету үшін тнымысыз еңбек пен толассыз ізденістің қажет екендігін айтты.

Сауд Арабиясы Корольдігі ұйымдастырған Дүниежүзілік өнер олимпиадасында жеңімпаз атанған. Сондай-ақ  Богдан  Загрибельный  11-ден 14-ке жасқа дейінгілер қатысатын балалар форумындағы Қазақстан Республикасының бірден-бір өкілі болған болатын. Бүгінде ол Мәскеу мемлекеттік университетінің 4 кур студенті.

Богдан Загрибельный, Мәскеу мемлекеттік университетінің 4 курс студенті

Мен бүгін оқушыларға өзімнің өмір жолымда кездескен қиыншылықтармен ,олимпиядалардағы басымнан өткен қиындықтықтармен бөлістім. Олар маған көп сұрақтар қойды. Маектебіме рахмет айтамын. Менің бұл жетістікке жетуіме мұғалімдерімнің, мектебімнің қосқан үлесі зор.

Кездесуде жастардың жеке тұлғалық дамуы мен өзін-өзі көрсету мүмкіншіліктерін нығайту үшін  Богдан Загрибельный  нақты мысалға келтіре отырып түсіндіріп берді. Оқушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тамаша көңіл-күймен тарқасты.

 

Шырайлым Болатбекқызы, Ғалымжан Есенбаев «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
20:10, 15 желтоқсан 2017
Тараздағы 80 отбасыға пәтер берілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар