ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

ТУҒАН ӨЛКЕНІ ҰЛЫҚТАҒАН БЕЙНЕБАЙҚАУ

20:35, 17 маусым 2019

Елбасының «Болашаққа бағдар рухани жанғыру» бағдарламалық мақаласында  6 бағытқа басымдылық берілген. Соның бірі білім беру жүйесін жаңаша жетілдіру екені белгілі. Осы мақсатта өңірімізде ақпан айынан бастау алған Bestвидео Туған өлке байқауы қортыланды.

Bestвидео – ол ең үздік бейнематериалдар. Байқау шарты  бойынша студенттер мен оқушылар археологиялық, сәулет өнері, заманауи архитектуралық нысандар мен туған өлке тарихы туралы қызықты видеоларын Bestвидео Туған өлке хэштегімен YouTube видеохостингіне жариялау керек болатын. Ең көп лүпіл жинаған видео жеңімпаз атанады.

Жанна Кумерова Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу әдістемелік кабинетінің әдіскері.

байқауға түскен 65-ке жуық жұмыстың 50-і келесі кезеңге қатысты.Соның ішінде ең үздік шықан №12 мектеп – гимназиясының оқушысы Батырхан Бейсенбековтың видеоматериалы  болды.

Батырхан Бейсенбеков №12 мектеп – гимназиясының оқушысы

Байқауда   үздік шыққандар арнайы  марапатталып, Көкшетауға  демалыс орталығына жолдама алды.

Ш. Отар Т. Саржан «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар