ШҰҒЫЛ! КӨКӨЗЕК АУЫЛЫНДА 5 КЕЛУШІГЕ АРНАЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ Толығырақ

ТУҒАН ТІЛ –ҰЛТ ТҰТАСТЫҒЫНЫҢ ТҰҒЫРЫ

20:30, 11 қазан 2018

«Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде». Осындай атаумен Талас ауданы Қаратау қаласында республикалық семинар өтті. Игілікті шара Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл қазына»ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйытқы болуымен ұйымдастырылып отыр. Жиынға жергілікті билік өкілдері және тіл жанашырлары жастар, ардагерлер қатысты.

Республикалық семинарда тіл жанашырлары қазақ тілінің мәртебесін көтерумен қатар, қолданыс аясын кеңейтудің  жаңаша жолдарын жан-жақты зерделеді.Олар ұлттық код  тамыры терең тарихтан нәрі алу керектігін де тілге тиек етті.  Жамбыл облысында жалғасын тапқан жиынға 100 ден астам адам жиналды. Алқалы басқосуда зиялы қауым Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасын да атап көрсетілген латын графикасына көшудің маңыздылығына баса тоқталды. Бір ғана мысал бүгінде әлемнің бәсекеге  қабілетті 30 елінің  22-сі латын әліпбиін қолданысқа енгізген. Спикерлер онамастика тақырыбын да айналып өтпеді.  Олар идеологиялық тұрғыдан ескірген  елді мекендер мен  көшелердің тарихи атауларын қайтару төңірегінде сөз қозғап, көптің көкейінде жүрген сауалдарына жауап берді. Айта кетейік, жұмыс тобы бүгін ертең облысымыздың Т. Рысқұлов ауданы мен Тараз қаласында да осындай семинар өткізіп, насихат жұмыстарын жүргізетін болады.

Дос КӨШІМ - ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМА КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ, САЯСАТКЕР, ҚАЗАҚСТАНҒА ЕҢБЕГІ СІҢГЕН ҚАЙРАТКЕР

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНІП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ!
21:26, 14 желтоқсан 2018
ЕҢБЕКТЕРІ ЕЛЕНІП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ!
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
21:24, 14 желтоқсан 2018
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ 7 ҚЫРЫ – ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
21:07, 14 желтоқсан 2018
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ 7 ҚЫРЫ – ҰЛТТЫ ҰЙЫСТЫРАТЫН ҰЛЫ ҚҰНДЫЛЫҚ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар