ШҰҒЫЛ! МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖАҚСАРУЫ КЕРЕК Толығырақ

ТУҒАН ЖЕР ЖАУҺАРЛАРЫ

18:41, 10 қыркүйек 2019

300-400 жыл жасап келе жатқан 3 түрлі жапырағы бар ғажайып ағаштар.  Сұмқайтты, яғни, жаугершілік заманда жалаңдаған жоңғардың жолын кесіп, бетін қайтарған  жер. Әйгілі Домалақ ана дүниеге келген топырақ. Т. Рысқұлов ауданындағы бұл жер  Ел аузында әулие топ ағаш деп  аталады. Аңызға толы, абыздар өткен мекенге  тілшіміз Ш.Мұратбекұлы арнайы барып келді.  

Қазақ даласында киелі жерлеп көп ақ. Соның бірі әрі бірегейі Ақыртөбе ауылының маңында орналасқан Топ Ағаш. Біз қәзір осы жерде тұрмыз. Құрметті көрермен бұл жердің киелігі неде дейсіздер ғой?! Мінекей мына талдың өзінде үш түрлі жапырақ өседі. Жоғары жағында терек өссе, орта жағында долана, ал мен ұстап тұрған жапырақ сәмбі деп аталады екен. Қалай таңғалмайсың?!

Ал, Топ Ағаш тарихына тоқталсақ. 1378 жылдар шамасында бұл маңда Мақтым Ағзам Қожаның немересі Домалақ ана өмірге келген екен. Мақтым Ағзам осы қасиетті жерге Алланың нұрының жауып тұрғанын көріп, дүниеге келген баланың есімін Нұрила деп қойған деседі.

Ғалымжан ҰЗАҚБАЕВ – ШЫРАҚШЫ 

Құрметті көрермен тағы бір ерекше жәйітті айтайық. Мұнда келсең тып – тыныш және таза табиғатқа куә боласың. Және бұл жерді тек екі құс қана мекен етеді екен. Оның бірі бақыт құсы болса, екіншісі бұлбұл. Осы екі әдемі құс бұл маңды қәзір тамаша әуенге бөлеп жүр. Ал, қарға құсына келсек ол бұл жерге жоламайды деседі. Өзіміз де қәзір көз жеткіздік соған.  Тағы бір жәйітті айтайық. Құс атаулының басқа түрі де мұнда мекен етпейтін көрінеді.

Ғалымжан ҰЗАҚБАЕВ – ШЫРАҚШЫ 

Нұрила  13 жасқа келгенде кім бірінші білегіңнен ұстаса, соған тұрмысқа шығасың деген аян көреді. Құдықтан су ішуге тоқтаған Бәйдібек батыр жолаушыларға су әперіп жүрген қыз құдыққа құлап бара жатқанда құтқарып қалғаны тарихтан белгілі. .

Деректерге сүйенсек осы маңда алапат шайқас та  болған екен. Жолындағыны жапырып келе  жатқан  300 мыңдай  жоңғар әскеріне  қарсы қазақ батырлары бас қосып, тойтарыс беріп қана қоймай, түре қуған. Сондықтан да  топ ағаштың шетінен басталатын ен дала әлі күнге «Сұмқайтты» деп аталады.  

Тақырып бойынша материалдар

ТАРАЗДА  АЗИЯНЫҢ VІІІ АГРОХИМИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТУДЕ
20:32, 27 ақпан 2020
ТАРАЗДА АЗИЯНЫҢ VІІІ АГРОХИМИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТУДЕ
Толығырақ...
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ СЕССИЯСЫ
20:31, 27 ақпан 2020
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ СЕССИЯСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
11:45, 24 ақпан 2020
КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА БОЛДЫ
22:01, 21 ақпан 2020
ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА БОЛДЫ
Толығырақ...
ҚОРДАЙДА СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫЛҒАН ҚАРИЯ ҮЙІНЕ ОРАЛДЫ
20:16, 26 ақпан 2020
ҚОРДАЙДА СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫЛҒАН ҚАРИЯ ҮЙІНЕ ОРАЛДЫ
Толығырақ...