ШҰҒЫЛ! ХҚКО ҚЫЗМЕТІ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕ ? Толығырақ

ТҮЛЕКТЕР БАНКЕТТЕН БАС ТАРТАДЫ

14:58, 15 мамыр 2019

ТҮЛЕКТЕР БАНКЕТТЕН  БАС ТАРТАДЫ . Жамбыл ауданына қарасты Шайқорық орта мектебін бітіруші түлектер осындай шешімге келіп отыр. Олар ата-аналарын шаш етектен шығынға батырғымыз келмейді дейді. Өздерінің құрбы-құрдастарын да бұл бастаманы қолдауға шақырады. Рамазан айында қолдарынан келгенше қаражат жинап, қайырымдылыққа жұмсағанды жөн санайды.

Жас өрендердің бұл игі ісін мектеп басшылығы мен ата-аналар да қуана құптап отыр. Орта есеппен мектеп бітіру салтанатына кемінде 100-150 мың теңге ақша жұмсалады екен. Оқушылардың есептеулері солай. Алайда, мұндай қаражатты бәрінің бірдей қалтасы көтере бермейді. Перзентін қатарынан қалдырғысы келмейтін ата-аналар қалай болса да сол ақшаны тауып беруге тырысатыны рас. Бірақ шайқорықтық оқушылар қасиетті айда өздерінше қайырымдылық іс жасаймыз деп шешіпті.

Қымбат БЕРДІБЕКОВА  11 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Ақерке ЖОЛДАСБЕК  11 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ

Мейрамгүл  АЙНАБЕКОВА  АТА-АНА

Биыл бұл мектепті 33 оқушы бітіреді. Олардың ішінде екі оқушы алтын белгіге және 1 оқушы үздік аттестатқа үміткер. Бітірушілер даңғаза, ойын-сауықтың орнына аймақтың әсем жерлеріне саяхат жасауды жоспарлап отыр. Олар облыстың өзге мектептерінде де игі бастама жалғасады деген үмітте.

А. Тілеуханқызы, Т. Терлікбаев, «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ЖАСАҚТАЛАДЫ
19:37, 16 шілде 2019
ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ЖАСАҚТАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар