ШҰҒЫЛ! ЖАУАПТЫ МАМАНДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІ ӘШКЕРЕ БОЛДЫ Толығырақ

ТҮЛЕКТЕР ТАҢДАУЫ - БАНКЕТ ЕМЕС, ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

18:49, 23 мамыр 2019

Жуырда еліміздің Білім және ғылым министрлігі түлектер кешін қымбат шараға айналдырмай, керісінше, мектеп қабырғасында ғана өткізуді ұсынған еді. бұл бастамаға енді Шу ауданының түлектері де үн қосты. Банкеттен бас тарту үрдісін олар  өзге де білім ошақтарына эстафета ретінде жолдауда.

Айта кетейік, мектеппен қоштасудың ескіліктен қалыптасқан тамаша дәстүрі бар. Онда түлектер ұстаздарына алғыс білдірсе, олар шәкірттеріне ақ жол тілеп шығарып салатын болған. Осы бастаманы жалғастыру мақсатында Шу ауданында алғашқылардың бірі болып Төле би атындағы мектептің биылғы түлектері іс жүзінде көрсетуде.

Махаббат СҰЛТАНОВА МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ

Бұдан бөлек, мектеп бітірушілер мейрамхана мен отшашудан, тіпті  қымбат көліктен бөлек, қыдырудан да бас тартып отыр. Ал, көңіл көтеруге кететін қыруар қаражатты бірауыздан қайырымдылыққа жұмсамақ.

Аида АЛМАСАЕВА    МЕКТЕП БІТІРУШІ

Биыл аталмыш білім ошағынан 66 түлек түлеп ұшқалы тұр.Олар өздері қаржы жинап, ауылдағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларға да түрлі сый-сияпат жасауды жөн деп табуда. Осылайша, жақсылық жасау арқылы игі дәстүр жалғасын таппақ.

А.Ермекұлы   Ж.Төлеуұлы      «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

СПОРТ САЛАСЫНДА КЕЗЕГІН КҮТКЕН МӘСЕЛЕ КӨП
19:05, 20 қыркүйек 2019
СПОРТ САЛАСЫНДА КЕЗЕГІН КҮТКЕН МӘСЕЛЕ КӨП
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЖАУАПТЫ МАМАНДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІ ӘШКЕРЕ БОЛДЫ
18:43, 18 қыркүйек 2019
ЖАУАПТЫ МАМАНДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІ ӘШКЕРЕ БОЛДЫ
Толығырақ...
 «JAMBYL» АРНАСЫ – ЖАҢА МАУСЫМ – ТҰСАУКЕСЕР
20:00, 18 қыркүйек 2019
«JAMBYL» АРНАСЫ – ЖАҢА МАУСЫМ – ТҰСАУКЕСЕР
Толығырақ...