ШҰҒЫЛ! ҚАЛАДА 78 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛУДЕ Толығырақ

ТҰРАҚТЫ КӘСІП – ЕЛ БЕРЕКЕСІ

18:33, 9 тамыз 2019

Үкіметтің кәсіпкерлік саланы дамытуға қатысты берілген тапсырмалары аудандар да қалай іске асырылуда? «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша елді-мекендерде неше кәсіпкер жеңілдетілген несие алды? Бұл туралы Меркі ауданына барып қайтқан Данияр Асқарұлының бейнематериалында.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының басталғанына биыл үшінші жыл.  Аты айтып тұрғандай бағдарламаның  басты міндеті халықты тек  еңбекпен қамту ғана емес,  еңбек нарығының  тиімділігін арттыру. Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған  тетікте осы мақсатты  көздейді. Мәселен, Меркідегі «Айсұлу» деп аталатын серіктестік осы бағдарлама арқылы 40 тұрғынға қысқа мерзімде техникалық мамандықтарды оқытып, сертификат табыс етті.

Гүлбахрам РАЕВА / Серіктестік жетекшісі / 10 тігінші, 15 азпаз, 15 сұлулық мамандарын оқытып шықтық. Барлығының талабы жоғары. Жақсы жұмыс істейтіндерін өзіміз жұмысқа аламыз деп отырмыз...

Шаштараз, аспаз, тігінші секілді кәсіптерді меңгергендерге сұраныс жоғары. Қазірдің өзінде бірқатары тұрақты жұмыс орындарын тапқан.

Күнсұлу Қойшыбекова / Тігінші  / Бізді осындай бағдарлама арқылы оқытқандарына рақмет айтамыз. Алдағы уақытта тігін машинасын алып, өз ісімізді ашықымыз келеді...

Сондай-ақ, жыл басынан бері аталған ауданда 240 адамды қысқа мерзімді оқыту жоспарланған. Ал, кәсіпкерлік саласында ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер аз емес.

Меркі ауданында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша биыл 617 млн теңге бөлінген. Қазіргі уақытта оның 244 млн теңгесі игерілген. Яғни 66 тұрғын жеңілдетілген несие алып, өз істерін жүргіщіп отыр.

Мемлекеттік бағдарлама аясында қаржыға қол жеткізген азаматтарды дені ата кәсіппен айналысуда. Жеңілдетілген несиенің көмегімен қорасын малға толтырған  азаматтар аз емес. Ерлік Сұлтанбеков солардың бірі. Мал бордықылаумен айналысатын кәсіпкепкер алдағы уақытта мал басын көбейтуге ниетті.

Ерлік Сұлтанбеков  / Кәсіпкер

Бағдарламаның қос қолға бір күрек таба алмай, жұмыссыз жүргендерге берері мол. Мемлекет қолдаудың  арқасында бірқатар кәсіпкерлер тұрмысының оңалғанын зор қуанышпен айтады.

Данияр Асқарұлы

Тоқтар Терлікбай «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар