ШҰҒЫЛ! ЖАБАЙЫ ЖАРНАМА ЖАЙҚАЛЫП ТҰР Толығырақ

ТҰРҒЫНДАР ШАҒЫМЫ ЕЛЕУСІЗ ҚАЛУДА

20:30, 12 маусым 2018

Тараз қаласындағы Самал мөлтек ауданы 5-ші үйдің тұрғындары телеарнамызға шағым айтып келді. 5 қабатты үйдің шатырын жақында жаңалап қойған. Алайда, үйді бойлай өскен талдар желмен теңселген сайын төбені ұрғылап, шатырды майыстырып жіберіпті. Тақырыпты тұрғындар шағымын тыңдап қайтқан тілшіміз тарқатады.

Қуаныштары ұзаққа созылмаған тұрғындардың әкімдікке өкпесі қара қазандай. Бір жарым ай бұрын арыз жазып қалдырса да, тал-дарақтар әлі бұталмаған. Ал, әкімдік сол күйі үнсіз отыр.

Лидя Фокс  Тараз қаласының тұрғыны/Бізге бір ай күтіңдер деді Қалайша бір ай, біздің шатырды жөндеп қойды. Неге сіздер рұқат бересіздер? Шатырды соқпай тұрып зақым келтіретін талдарды кесуге рұқсат алу керек қой.

Светлана Зайнуддинова  Тараз қаласының тұрғыны /Үйдің шатырын біткеніне біраз болған жоқ қирайын деп тұр.Ал, талды әлі кеспеді.15 жыл осы шатырдың қарызын төлейміз. Біздің мәселеге кішкене де болсын назар аударып жандары ашитын жан табылса дейміз.

Тұрғындар базынасын айтып қала әкімдігіне барғанымызда мардымды жауап та ала алмадық. Мәселенің мән жайына терең үңілудің орнына бір – біріне сілтеп әлек болды.

Айтбаев Марат кесетіні туралы айтады.

Айтбаев зам деректорға сілтеді.

Бей – берекет өскен тал – дарақтан бөлек мұндағы жұртшылықтың шамына тиетін тағы бір мәселе бар.Ол дәл үйдің іргесіндегі қоқыс орны. Тұрғындардың айтуынша, қолқаны қабатын қолаңса иіс күннен күнге күшейіп барады. Тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыс салатын жәшіктерді үй маңынан алысқа орналастыруды айтып та жатырмыз. Бірақ, өтінішімізге құлақ асып жатқан жауаптыны көрмедік дейді, тұрғындар.

Сайлаукүл Дүйсекеева / ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ/Міне еңкейсең иегіңнің астында мусор тұр. Үйімізге көк шыбын деген кіріп кетеді, есік тереземізді аша алмаймыз.Баламда инвалид, өзімде инвалид неререлерімді ойната алмаймын. Осы балдақпен инвалид күйімде алып шығамын/

Гаухар Сәрсенбаева /ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ/ Осы үйде тұрамыз, Мусоркадан терезені ашу мүмкін емес.Бала шаға ойнайтын жер жоқ.15 жыл болды тұрып келе жатқаныма ешкім ешнәрсе соқпайды. Білмеймін қайда барарымды Жасыл Таразға барамыз, анда барамыз, мында барамыз бізді ешкім тыңдамайды.

Қоқыстың айналасы

Фрагмент: Венера Дроволева Қалалық әкімшіліктен өтініп тұрып біздің мәселені шешуін сұраймыз. Талды кесіп, қоқысты реттіп, балалар ойнайтын алаңқай салып берсе. Міне бүгін бәріміз жиналып өтініп отырмыз. Өтініш!

Ерғали Әбуғали, Асқар Әділ «ЖҚ»

Тақырып бойынша материалдар

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
13:20, 21 маусым 2018
ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕЛЕНДІ
20:30, 15 маусым 2018
ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕЛЕНДІ
Толығырақ...
ТҮРМЕ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ
20:30, 14 маусым 2018
ТҮРМЕ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...