ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

15:25, 17 маусым 2019

Жамбыл облыстық  жастар саясаты басқармасы мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірдегі өкілдері  бірлесе отырып ауыл аймақты аралап, халықпен ашық кездесу өткізуді жалғастыруда.   

«Болашаққа бағдар» атты көшпелі кеңес беру керуені Шу ауданына аял жасады.  Тұрғындар өзекті  мәселелерді айтып, өздерінің талап тілегін жеткізді.

Көшпелі кеңес алаңы  мәдениет үйінде жастар мен өңір тұрғындарын қабылдады. Жәрмеңкеде жұмыссыз азаматтарға  бос жұмыс орындарына жолдама бұйырды. Ал, ашық алаңға келген тұрғындар әр түрлі сала бойынша сауалдар жолдады.Солардың бірі Белбасар ауылының тұрғыны Аңсабек Шаухабаев.

Аңсабек ШАУХАБАЕВ АУДАН ТҰРҒЫНЫ

Ал, өңірдің құрметті азаматы, талай жыл ұстаздық қызмет еткен Ұлбосын Жаппасбайқызы Шу қаласында балалар мен жасөспірімдер орталығының жабылып қалғанына қынжылады.

Ұлбосын ЖАППАСБАЙҚЫЗЫ АУДАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

«Жамбыл адалдық алаңы»  бұл  азаматтардың шағымдарын назарға алып, жіті бақылайтын болады. Әрмен қарай әдеттегідей адалдық алаңының менеджерлері  бірқатар нысандарды аралап, әлеуметтік сауалнама жүргізді. Мәселен, орталық ауруханада флюроаппарат кезегі жиілер емес.

Қалаға іргелес жатқан Алға ауылының тұрғындары да базынасын  жеткізді.  Бір ғана ғимараты жарамды мектеп, апатты жағдайда.

Сәуле ӘЛІМҚЫЗЫ АТА –АНА

Ал, «Жұмыспен қамту орталығы да» талапқа сай емес. Мекеме басшысы тұрғындарға тиісті қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін  қызметкерлерге де жағдай жасалса деген ниетті.

Басшы айтқан таллон беретін аппарат шынында қолжетімсіз. Ал, ғимарат ішінде бірнеше мекеме бар екендігін ескерсек, өрт болған жағдайда сөндіруге құрал сайманы да  жоқ.

Келесі кезекте, кәсіпкерлер мен аудан активінің қатысумен жиын өтті. Бірқатар ұсыныстар айтылып, назарға алынды. Ақпараттық керуеннің ендігі бағыты Мойынқұм ауданы болмақ.

Н.Дәрменқызы Ж.Чекаев «ЖҚ» Шу ауданы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар