ШҰҒЫЛ! АЛТЫН ҚАЗҒАНДАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ АРЫЗ – ШАҒЫМЫ ТЫҢДАЛДЫ

15:51, 7 маусым 2019

Аймақта ұрлық қарлыққа қатысты халықтың базынасы бітпей отыр. Жайлаудағы жылқының, өрістегі сиырдың, қорадағы қойдың құтын қашырған қарақшылар құрыққа ілігер емес. Себеп неде?  Бұл мәселе  «Жамбыл адалдық алаңынлда көтерілді.  

Азаматтардың талап тілегін тыңдаған  облыстық полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев бірқатар сұрақтарға да  жауап қайырды. Ауыл ағайындарының арыз-шағымы мен полицейлердің жауабын тыңдап қайтқан Аян Ермекұлының бейнематериалы.

Бүгінде қылмыстық іс-әрекеттер көпті мезі еткен секілді.  Оған қабылдауға келген тұрғындар шағымы дәлел. Жамбыл адалдық алаңына жыйылған арнайы топ өкілдері де осыған назар аударды.  Түйткілді жайттардың қатарында Т.Рысқұлов және Сарысу аудандарынан келген  ауыл адамдарының да уәжі бар .  Бірінде көлік жоғалса,  енді бірінің  түлігі қолды болған.

Ал,  полиция қызметкерлері қылмыстық әрекеттердің барлығын да бірден ашу мүмкін емес екенін айтады. Ол үшін арнайы топ та жұмысқа жұмылдырылыпты.

Арман ОРАЗАЛИЕВ ЖО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Сондай-ақ, Т.Рысқұлов ауданына қарасты Құмарық ауылында да  бүтіндей бір ауыл қорадағы малын жоғалтып, қолдағы барынан қас -қағым  сәтте айырылып қалып жатқан көрінеді. Ауыл тұрғындарының атынан келген Күлсән Сиылова осы істі біржақты етуді сұрауда.

Күлсән  СИЫЛОВА ҚҰМАРЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Ал,  полиция қызметкерлері бұл жағдайды тікелей назарға аламыз деп сендірді. Сондай-ақ, сөз арасында негізгі мақсат қылмыстық істі ашу емес, оны мейілінше болдырмау деп тіл қатты. Себебі, қазіргі жағдайда ұрылардың барлығына бірдей құрық салу мүмкін болмай отыр. Бұдан, бөлек полиция қызметкерлері тұрғындар да өз мүлкіне келгенде жауаптылық танытса екен дейді.

Арман ОРАЗАЛИЕВ ЖО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

Сонымен қатар, жиын соңына дейін әлеуметтік желі арқылы түрлі сауалдар жолданды. Бірақ, олардың тоқсан пайызы ашылған қылмыстар көрінеді. Ал, әділетсіздікке амал іздеген тұрғындар талабы мен тілегінің орындалуына уақыт  төреші. 

А.Ермекұлы   А.Әділ    «Жаңалықтар қызметі»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
19:09, 12 тамыз 2019
МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...