ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

16:01, 5 маусым 2019

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы, Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып,  «Болашаққа бағдар» атты көшпелі кеңес беру керуені жұмысын Тұрар Рысқұлов  ауданында жалғастырды.

Тұрғындар аудандағы қордаланған мәселелерді, әділетсіз әрекеттерді айтып, өздерінің талап тілегін жеткізді. Өңірге барып қайтқан тілші жалғастырады.

Арнайы жасақталған ақпараттық топ өкілдері  тұрғындардың  сан саладағы сауалына жауап берді. Әсіресе жастарға бөлінген қайтарымсыз грант кеңінен түсіндірілді. Ал, «Жамбыл адалдық алаңы» әдеттегідей, өңір тұрғындарын жеке сұрақтарымен қабылдап, әлеуметтік сауалнама жүргізді. Ауданда талай жылдан жыр болған мал ұрлығы өршіп тұрғаны айтылды. Таңбаев.Кәсіпкер мал ұрлығы тиылар емес, билік араша түссе дейді.

Бейсенбай Таңбаев – кәсіпкер

\Жалғыз мен емес, бұл жерде пәленбай адам отыр. Малы ұрланған. Олардың малы неге ашылмайды. Олар байғұстар мысалы жалғыз басты әйелдер бар ішінде. Жесірлер бар. Үйіне барсаң қазір өте қиналып отыр, даже сіздер әлеуметтік көмек берулеріңіз керек ондай адамдарға неге соған жеткізіп отыр. Мына Алашбаев неағып кімнің баласы ол? Неағып ол халықтың еңбегімен жан сақтап отырдағы елге не көрсетеді, жаңағы қысым көрсетеді. Малын тартып алады. Өзгеге іс қозғайды.\

Ал күміс алқа иегері Гүлзира Юсупова әлеуметтік көмектен қағылдым деп налиды. Отағасы да еңбекке жарамсыз. Алайда ауылдық округ мамандары 7 жастан асқан балаңыз бар,  күйеуіңіздің денсаулығында кінәраты бар екендігін растайтын құжаты жоқ деп, төменгі жалақы көрсеткішін қоса есептеген. Енді, мұқтаж еместер қатарынан бірақ шыққан.

Гүлзира Юсупова – көпбалалы ана

/21 мың шықты дегенде қатты қуанғам. Пособияға ілінетін болдым деп, қуанышым созылмады. Балаң айлық алып отыр, екеумізге доход жазып отыр. Сол үшін сізден бай, жағдайы жақсы, сенен де төмен отбасылар бар деп бермей отыр/

Әкімдіктің жағдайы жақсы деген отбасының сиқы мынау. Едені мен жылуы жоқ,несиесі тағы бар. Аядай баспанада күн көріп отыр. Ал, қыста көршілерінің 1- 2 шелектеп берген көмірімен жан баққан.

көрші: 1 – 2 шелек әкеліп береміз. Балалары жаурап қалмасыншы деп.

Әлеуметтік көмек тағайындайтын комиссия құрамы үйіне бас сұқпапты. Жағдайдың мән – жайын ауыл әкімінен сұрадық.

- Маған келген жоқсыз

  • Енді бәрінің үйіне баруға шамам келмейді. Апта сайын аралап жүрем, суббота воскресенье көшеде жүрем

көрші – Мынаны біз көргенде жоқпыз. Қай уақытта әкім боп келіп, әкім боп отырғанын креслода. Әшейін сырттан танимыз Сыбанов дегенді.

Ал, Жамбыл адалдық алаңы жобалық офисінің басшысы базынасын айтқан азаматтардың мәселесінің шешімін жіті қадағалайтын болады.

Қайрат МЕКЛИСОВ ЖАМБЫЛ АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ ЖОБАЛЫҚ ОФИСІНІҢ БАСШЫСЫ \бізге бүгін бірнеше азамат өтінішпен келді. Шешімін тапқандар да бар арасында. Ал, мына азаматтардың мәселесі біздің назарымызда, бақылауымызда болады.\

Адалдық алаңы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, тұрғындарға қолжетімділігін зерделеді. Мәселен, халыққа қызмет көрсету орталығында кезек санын реттейтін экран жұмыс істемейді екен. Ал мүмкіндігі шектеулі жандар орталық ауруханада ұзақ күтуге  тура келеді. Істеп тұрған шақырту тетігін басып көрдік.

- Мүмкін  батарейка істемей қалған шығар. Біз ауыстырып тұрамыз ғой. Білмеймін неге шықпағанын. Мойындаймыз

мұнда мәселе шаш етектен. Тізбектесек, маңдайшадағы мемлекеттік тудың жыртық екендігін айтпағанда, аурухана қағазбастылықтан да арыла қоймаған

тіркеу журналы (3 секунд)

 Аудан тұрғындары арасынан  медицина қызметіне  көңілі толмайтындары да бар екен.

аурухана қызметі көңілінен шықпайтынын айтады (10 секунд)

Кеңес алып, шағым айтушылардың дені мал ұрлығы,  жұмыссыздық мәселесін көтерді.  3 күнге жалғасқан кеңес беру алаңы ендігі жұмысын Меркі ауданында жалғастырады.

 

Назима Дәрменқызы «ЖҚ» Т.Рысқұлов ауданы

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар