ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТІЛЕГІ ТЫҢДАЛДЫ

19:04, 13 маусым 2019

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы, Қазақстан Республикасы  Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып,  «Болашаққа бағдар» атты көшпелі кеңес беру керуені жұмысын Қордай жерінде жалғастырды.

Тұрғындар аудандағы қордаланған мәселелерді айтып, өздерінің талап тілегін жеткізді. Өңірге барып қайтқан тілші жалғастырады.

Ақпараттық – насихаттық топ мүшелері аудандық мәдениет үйінде жастар мен өңір тұрғындарын қабылдады. Жәрмеңкеге келген тұрғындар әр түрлі сала бойынша сауалдар жолдап, тиісті жауап алды. Ал, «Жамбыл адалдық алаңы» әдеттегідей, бірқатар нысандарды аралап, әлеуметтік сауалнама жүргізді. Мына ғимаратта халық көп келетін  4 мекеме орналасқан. Тұрғындар өздеріне тиісті мемлекеттік қызметтерді мынадай тар бөлмеде алуға мәжбүр.

Адалдық алаңына базынасын айтқан  Элмира Ибрайқұлова Ломоносов мектебінің ғимараты тар, оқушыларға жағдай жасалмаған деп дабыл қағуда.

Элмира Ибрайқұлова ата ана\ мектепте асхана жоқ, бастауыш сынып оқитын балалардың ғимаратының түрі мынау. Спорт алаңы да жоқ. Қараңыздар мына жерде балалар спортпен айналысады, ал мынау әжетхана айтатыны жоқ. Балаларымыз 3 ауысыммен оқуға да көшті 600 ден астам орынға арнлаған, ал қазір 1200 ден көп бала оқып отыр. Өзім де көрдім ағылшын сияқты топқа бөлінетін сабақ дәлізде өткізіліп жатқанын. Біз ата аналар демеушілікпен жөндеу жұмыстарын жасап жүрміз. Бізге жаңа мектеп соғып берсе екен. Сұрайтынымыз сол. \

Мектептегі кемшіліктер жайында аудан әкімі де хабардар.

Болатбек БАЙТӨЛЕ ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Халыққа қызмет көрсету орталығында ұзын сонар кезек мәселесі көзге ілінді. Өйткені 150 мыңнан астам халық  тұратын өңірде 12 терезе ғана жұмыс істейді. Соған сәйкес қызмет көрсету уақыты да ұзақ. Ал, орталық ауруханада Дамумед жүйелендірілген, тек, талон санын қарайтын экран қосылмаған. Мұнда да кезекте тұрып, шаршаған халық.

Әлжан ана елдімекенін келген Оспанқұл Мұсаев  дәрігерлердің сергелдеңге салып бір біріне сілтейтінін айтады. 2 топтағы мүгедек дұрыс қызмет алмаған соң өзге өңірдегі дәрігерлердің ем домына жүгінеді екен.

Оспанқұл Мұсаев – аудан тұрғыны

«Жамбыл адалдық алаңы»  бұл  азаматтардың шағымдарын назарға алып, жіті бақылайтын болады. Келесі кезекте, кәсіпкерлер мен аудан активінің қатысумен жиын өтті. Бірқатар ұсыныстар айтылып, назарға алынды.

Нұрлан ЕРКЕБАЕВ ҚРМҚІЖСЖҚІАЖОБ департаменті басшысының орынбасары

Ақпараттық керуеннің ендігі бағыты Шу ауданы болмақ. Онда да 3 күн бойы тиісті мамандар кеңес беріп, зерделеу жұмыстары жалғасады.

ұрлытиылар емес, билік араша түссе дейді.

Назима Дәрменқызы Руслан Сандыбаев «ЖҚ» Қордай ауданы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар