ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ – ТАРИХЫМЫЗДЫ НАСИХАТТАУ

19:10, 13 маусым 2019

Бүгін Таразда түркі әлемі  туризмінің  5-ші Халықаралық симпозиумының салтанатты ашылуы өтті. Түркі әлемінің бай мәдени мұрасын танытатын ауқымды шараға  Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров пен шетелдің алдыңғы қатарлы университеттерінің өкілдері қатысты.

Сонымен симпозиумға, Түркия, Қырғыз, Өзбекстан, Моңғолия, Әзірбайжан және Ресейдің жоғарғы оқу орындарының ғалымдары мен зерттеушілері шақырылған. Олар бүгінгі экономика мен мәдениеттің өркендеуіне, туризм саласының дамуы үшін жаңа зерттеулер, жобалар  ұсынып тәжірибелерімен бөліспек ниетте.

Мұрат БАЙРАМ – ТҮРКИЯ ЕЛІНІҢ ӨКІЛІ

/Мен өте қуаныштымын.Қазақ халқының қонқжайлығына тәнтімін.Бізді жақсы қарсы алды.Енді осындай ауқымды шара, симпозиум келесі жылы біздің Түрік елінде өтеді деп ойлаймын./
Салтанатты шарада аймақ басшысының орынбасары Нұржан Календеров сөз сөйлеп, бабалардың аманатына адалдық танытып отырған барша түркі жауһарларын зерттеушілерге сәттілік тіледі.

Нұржан КАЛЕНДЕРОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Симпозиумның негізігі мақсаты – түркі әлемінің жалпы мәселелерін шешеуге байланысты ғылыми зерттеулер аясында университеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.Сондай-ақ, ішкі және сыртқы туризмді дамытып, түркі әлемінің алуан түрлі құндылықтарын ашып, тарату.

Махметғали САРЫБЕКОВ – ТарМУ РЕКТОРЫ

Халықаралық симпозиум соңы концерттік бағдарламамен түйінделді.

 

К.Шәмші, Өміртай Ыбырай ЖҚ

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар