ШҰҒЫЛ! ХҚКО ҚЫЗМЕТІ ҚОЛЖЕТІМДІ МЕ ? Толығырақ

ТУРИЗМДІ ҚАЛАЙ ДАМЫТУҒА БОЛАДЫ?

13:49, 11 ақпан 2019

Тасын түртсе тарихы сөйлейтін Тараз өңірінде туризмді дамытуға мүмкіндік мол.  Тарихи жауһарлары өз алдына, ежелгі ескерткіштері де жетіп артылады.  Алайда, бұл саланың дамуы әзірге  баяу болып тұр. Қордаланған мәселелерід талқылап, мүмкіндіктерді  саралау үшін облыстық туризм басқармасы  аранйы жиын өткізді.  

Бүгінде туризм саласы үлкен қаржы мен кәсіптің көзі.  Миллиондаған демалушылар ағылатын мемлекеттер ел қазынасын тек осы меймандардың арқасында толтырып отыр.  Ал әулиеата өңірінің бұл бағытта зор табыстарға кенелуге мүмкіндігі зор. Мыңжылдықтарға жалғасқан облыс тарихы көпшілікті қызықтырары сөзсіз. Одан бөлек Жамбыл жерінде ЮНЕСКО мұрасына енген  5 бірдей тарихи ескерткіш бар. Осындай мол әлеуетке қарамастан  өткен жылы аймаққа  небәрі екі жарым мыңдай  турист келген. Оның ішінде 900-ге жуығы шетелдік саяхатшылар екен.  Бұдан бөлек, Таразда бірнеше халықаралық дәрежедегі фестивальдер өткен. Ал, оның болашақта қандай нәтиже берері әзірге белгісіз. Дегенмен, сала басшылары биыл да бірқатар  іс-шараларды  ұйымдастыруға ниетті екенін байқатты.

Қарлығаш Аралбекова / Жамбыл облыстық  туризм басқармасының басшысы

Тақырып бойынша материалдар

ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ЖАСАҚТАЛАДЫ
19:37, 16 шілде 2019
ЖАҢА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА ЖАСАҚТАЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар