ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТА ИНТЕРНЕТ - АРНА АШЫЛДЫ Толығырақ

ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕК БЕРІЛЕДІ

20:43, 6 наурыз 2019

Тұрмысы төмен және көп балалы отбасылар биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап әлеуметтік көмекке ие болады. Бұл туралы  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен арнайы жиында мәлімдеді. Елбасы Премьер-министр Асқар Маминге Нұр отан партиясының 18-ші сьезінде берілген тапсырмалардың дер кезінде орындалуын, аймақтағы әкімдердің жұмысын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Өз кезегінде жаңа үкімет әлеуметтік төлемдер  жағдайы төмен әрбір отбасына жетуі үшін   арнайы жүйенің құрылғанын айтты. Және ол бюрокаратиялық кедергісіз болады-деп сендірді. Толығырақ келесі материалда.

Басты мақсат халықтың әл ауқатын жақсарту. 2019 жылға арналған президенттің дәстүрлі халыққа жолдауында қоғамның әлсіз топтарына мән берілген. Мемлекеттің ерекше қамқорлығына тұрмысы төмен отбасылар, көпбалалы аналар, мүгедек бала асырап отырған ата-аналар енді. Ал Нұр отан партиясының 18-ші сьезінде президент әлеуметтік көмектің мөлшері өсетінін айтты. Және ол әрбір мұқтаж жанға жетуі тиіс деп тапсырма берді. 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

 Үкімет аз уақыттың ішінде әлеуметтік көмектің қалай берілетінін және оған кімдердің ілігетінін анықтап, арнайы жүйе құрды.

АСҚАР МАМИН ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ

ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Осыдан тура бір жыл бұрын президенттің 5 әлеуметтік бастамасы жарық көрді. Онда халықтың әл ауқатын жақсартуға арналған ауқымды жобалар қолға алынды. Жұмыссыздықты болдырмау, шағын және орта бизнестің тынысын ашу сияқты бастамалар көтерілді. 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Мемлекет басшысы әлеуметтік салаға қатысты заңға өзгерістер енгізуді қадап тапсырды. Сондай-ақ өңір әкімдерінің жұмысы халықтың әл ауқатымен өлшенетінін айтты. Білім мен медицина, жол, ауыз су мәселесін үкімет жіті назарға алуы тиіс. Ал әлеуметтік салаға мемлекеттен бөлінген қаржының сұрауы болады. Президент әкімшілігі мен Нұр отан партиясы Елбасының алдында бөлінген әр тиынға жауап береді.

 НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

Қазір әлемдік геосаясат құбылып тұр. Тиісінше бұл экономикаға кері әсерін тигізіп жатыр. Десе де қандай қиын жағдай болмасын біздің мемлекет әлеуметтің әлеуетін көтеруді тоқтатқан емес. Ал нарықтық экономикада мұндай қадамға кез-келген мемлекеттің бара бермейтінін ұмытпау керек.

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
20:49, 18 қазан 2019
ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАҢА ШАРТТАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар