ШҰҒЫЛ! ТАРИХ – МӘДЕНИЕТ – ТУРИЗМ Толығырақ

ҰБТ – ДА 135 БАЛ ЖИНАҒАН ТАРАЗДЫҚ ТҮЛЕК

21:02, 5 шілде 2019

Күні кеше алтын ұя мектептерімен қоштасқан 8813 жамбылдық түлектің 5916 сы Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағын тапсырды. Нәтижесінде, 138 балдық жоғары көрсеткішке Мойынқұм және Жуалы аудандарының оқушылары қол жеткізді.Ал, олардың 45,4 пайызы 100 балдан жоғары жинаған. Жылдағыдай дарынды ұл балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының бітірушілері  биыл да үздік нәтиже көрсетті. Мәселен, 135 ұпай жинаған Жәнібек Жапарғали мектептің рекордтық көрсеткішін жаңалап отыр. Оқу озатымен сұхбаттасып қайтқан Қымбат Қаржауқызының репортажы.

Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы – мектеп бітірушілер үшін аса жауапты кезең. Жәнібек те тестілеу алаңына жүрексіне қадам басты. Ол оқу жылының басынан Ұлттық бірыңғай тестілеуге мақсатты түрде дайындалған. Соңғы дайындық барысында 133 ұпай жинаса керек. Десе де, қобалжуы басым болыпты. Сынақтың соңғы минуттарына дейін тапжылмай отырып, алдына келген сұрақтардың дұрыс жауабын белгілеумен болғанын айтады.  Үш тілде әрі жан-жақты білім алған оның алдағы арманы асқақ, талабы таудай.

Жәнібек ЖАПАРҒАЛИ, ЖАС ТҮЛЕК

Жәнібек Жапарғалимен ұстаздары да мақтанады. Ол мектепті үздік аттестатқа тәмамдаған. Одан бөлек мектепішілік өнер додаларында да топ жарып жүріпті. Бір сөзбен айтқанда, «Жігітке жеті өнер де аз» деген қағиданы ұстанады, - дейді мектеп басшысы

Жансерік САТТАР / ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ ҰЛ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Жалпы, атаулы білім ордасын биылғы оқу жылында барлығы 58 оқушы аяқтады. Олардың 6-ауы «Алтын белгі», 21-і үздік аттестат иегері. Былтыр мектеп-интернаттың ҰБТ-дағы ең жоғарғы нәтижесі - 134 ұпай болса, Жәнібек бұл көрсеткішті жаңартты. Енді оның таңдауы Халықаралық құқықтар мамандығы бойынша Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы университетке түсіп отыр.  

Қымбат ҚАРЖАУҚЫЗЫ, Руслан САНДЫБАЙ, «ЖАҢАЛЫҚТАР ҚЫЗМЕТІ»

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар