Үкімет Қаулысын жамбылдық жұртшылық та қолдайды

17:22, 21 маусым 2017

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Астана Халықаралық әуежайына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді. Әуежайға Мемлекет басшысының есімін беру туралы бастаманы әуежай ұжымы көтерген. Ел Үкіметінің қаулысы бұқаралық ақпарат құралдарының беттеріне жарияланды.  Зор жаңалыққа  жамбылдықтар өз қолдауларын білдіруде.

Жандар Кәрібайұлы, қоғам қайраткері

/Бүгін өте қуанышты хабар алып отырмыз. Астана қаласының Халықаралық әуежайы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімінің берілуі, қазақстандықтар үшін өте дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, мынау асқақ еліміздің, дархан жеріміздің бас иесі, осы Қазақстандағыбарлық жасампаздық құбылыстардың тікелей бастаушысы, перзенттік парызын азаматтық жауапкершілікпен ұштастырып, Қазақстанды әлемдегі белгілі 50 елдің қатарына қосқан біздің қазақтың тағдырына, Алланың өзі берген перзенті – ол кісінің есімінің берілуі қуанышты хабар. Мұны барлық халық қолдайды деп сенемін. Мұндай үрдіс барлық елдердің астаналарында әуежайды атау үрдісі бар. Міне, сол Үкіметтің қаулысы өте дер кезінде шыққан деп ойлаймын. Біз барлық қол жеткен табысымызды, осы егемендігіміздің 25 жылындағы қол жеткен табысты біз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстырамыз. Елбасы туралы, айтқан халықаралық дәрежедегі қайраткерелрдің сөздері өте дұрыс. Мәселен, Сингапур Президенті Ли Куан Ю кезінде айтқан, «Нұрсұлтан Назарбаев басқарып тұрғанда, Қазақстанның жұлдызы биікте, айы жарық, күні ашықболады»  деп. Ал енді, мынау халықаралық әуежайды Нұрсұлтан Әбішұлының атына беруң өте дұрыс шешім. Ол мынау әлемнің назарын аударған «ЭКСПО-2017» өтіп жатқан кезде берілуі, өте дұрыс болған деп ойлаймын. Мұны халық сөз жоқ, қуаттайды, құптайды ./

Тақырып бойынша материалдар

Жол бойындағы бизнес – елдің айнасы
20:22, 25 қыркүйек 2017
Жол бойындағы бизнес – елдің айнасы
Толығырақ...
Нұр Отан партиясы ЖОФ-ның кезектен тыс ХХ конференциясы
19:38, 25 қыркүйек 2017
Нұр Отан партиясы ЖОФ-ның кезектен тыс ХХ конференциясы
Толығырақ...
Сот сараптамасын тағайындау мәселелері қаралды
19:36, 25 қыркүйек 2017
Сот сараптамасын тағайындау мәселелері қаралды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
15:57, 19 қыркүйек 2017
Елбасы мақаласы- жастарды жігерлендірген жаңа бағдар
Толығырақ...