ШҰҒЫЛ! ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ - ӨҢІРДІ ДАМЫТУ Толығырақ

ҰЛТАРАҚТАЙ ЖЕР БОЛСА, ҮЙ САЛАТЫН.....

20:30, 11 қазан 2018

Инженерлік инфрақұрылымдар тартылмай, жеке үй салуға жер телімдері берілмейді. Соғай сай ережеде қабылданған. Биыл Таразда қанша телім дайындалды? Кезекте қанша адам тұр? Өзекті мәселені «Нұр Отандықтар» ортаға салды.

Тараз қалалық филиалы партиялық бақылау комиссиясының отырысында бірқатар мемлекеттік бағдарламалардың өңірдегі орындалу барысы тыңдалды. Жауаптылар шама-шарқынша мәселенің мән-жайын түсіндіруге тырысты. Мәселен, жер кезегі 2005 жылмен тұралап қалған. 2005-2006 жылдары 69 640 азамат тиесілі еншісін алуға сұраныс білдірген болса, әзірленген учаске небәрі 500-ден асады. Ал жыл басынан бері 423 жер телімі үлестірілген. «Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес кезегін күткендерден 585 қана өтініш келіп түссе, оның 225-ң ғана несие төлеу қабілеттілігі анықталған. Мақұлданған құжаттар Тұрғын үй жинақ банкіне жолданды. Қала бойынша жеке үй соғуға 8 соттық сұрағандардың мәселесі 2021 жылға дейін шешімін табуы тиіс болса, мынадай жайбасарлықпен межелі міндеттің орындалуы екіталай. Мамандарға салсақ, 315 шаруа қожалықтың 950 гектар жерін үкімет сатып алу қажет, оның құны 1 млрд 740 млн теңгені құрайды. Сонда алдағы екі жылда 5295 адам жер телімдеріне қолжеткізбек. Мұнан өзге отырыста «7-20-25» бағдарламасының жүзеге асуы мен партиялық ішкі тәртіп жайы сөз болды.  

Нұржан Аблешов/ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЦИФРЛАНДЫРУ
13:20, 18 қазан 2018
ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЦИФРЛАНДЫРУ
Толығырақ...
БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПТІК ЖИЫНЫ
13:20, 18 қазан 2018
БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЕСЕПТІК ЖИЫНЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар