Ұлттық дамудың ұлағатты үлгісі

20:00, 19 сәуір 2017   218

Қоғамымыздың рухани жаңғыруын айқындап тұрған бағдарламалық құжат міндеттерін іске асыруға баршамыз белсенділік танытуымыз тиіс. Өйткені Елбасының «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыруы» атты бағдарламалық мақаласында белгіленген талаптарды іске асыру баршамызға ортақ іс. Бұл туралы  Байзақ ауданында Елбасы  мақаласын  насихаттау мақсатында өткен жиында  аудан әкімі Рахматілдә Рахманбердиев  мәлімдеді.  Елбасы биыл « Цифрлы Қазақстан», «Мәдени және конфессия аралық келісім», «Үш тілде оқыту» бағдарламаларын басым бағытқа қойды.  Бұл Жаңғырудың жарқын үлгісі елімізді кемел келешекке бастары сөзсіз. Сондықтан   Жиында елбасы бастамаларын жергілікті тұрғындарға барынша насихаттау жайы күнтәртібіне қойылды.

Рахматілдә Рахманбердиев, Байзақ ауданының әкімі

Елбасының айтқан ұсыныстарынан ауданда туындайтын мәселелерді шешу жолдары талқыланды........ Оның ішінде мысалы туған жерге туыңды тік. 100 табысты адам жобасы бойынша ,бізде сондай жобаны  аудан деңгейінде  іске асыру мақсаты тұр.

 

Серік Жұмабек «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40