Ұлттық құндылықтар –тәрбиенің түп қазығы

18:30, 17 сәуір 2017   258

Елбасы «Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын», — деп нақты  айтты. Расында, ғасырлар бойы бабадан балаға мирас болып келе жатқан салт-дәстүр мен өткен тарихымызға құрметпен қарау – шынайы патриотизмнің маңызды көрінісі. «Бұл игі істерді жүзеге асыруға шақыруы – әрбір азаматтың иығына артылып отырған үлкен сенім деп бағалаған жөн»,-дейді Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтының проректоры Орынқыз Жолдасова.

Орынқыз Жолдасова, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының проректоры

Рухани жаңғыруға Елбасының айтқан мақаласында аса көңіл бөлінеді. Себебі, патриотизмді дамыту – жалпыұлттық идеялардан тұрады. Осы идеялардың бастамасы «Мәңгілік елден» алынады деп ойлаймын. Біз «Мәңгілік ел» арқылы өз тарихымызды, ата-жұртымыз бен туған жерімізді ұмытпауымыз керек. Барлық уақытта әрбір ұлттың өз ерекшелігі болу керек.   Дәстүрі мен салты болу керек. Осыған біз аса көңіл бөлеміз.

 

Ақерке Бектас «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40