ШҰҒЫЛ! ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ Толығырақ

ҰЛЫ ДӘСТҮР ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

21:31, 19 наурыз 2019

«Жаңғыру» күнін Жамбылдағы балабақшаларда достық пейілмен, ақжарма ниетпен қарсы алды. Жыл жаңарып, жаны жадыраған халық тағылымы мол қазақы салт-дәстүрімізді  қайта жаңғыртып, көпшілікке ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Аймақтағы «Наурыз» балабақшасы шаһардағы үздік бөбекжайдың бірі.  Бұл балабақша – атауына сай, балаларарды  ұлттық құндылықтарды, қазақи дәстүрді бала санасына сіңдіріп келеді. Жаңғыру күніндегі ұлық мерекені  атап өту ұлы істерге бастайтын, ізгілігін жоғалтпай балақайларға түсіндіру бүгінгі шараның басты мақсаты.

 Гүлмира Ақылбекова – «Наурыз» балабақшасының әдіскері

 Айтулы күндегі іс-шара облыс орталығындағы «Інжу» мектеп-гимназия,балабақша кешенінде жалғасын тапты. Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталатын мерекеде киіз үй тігіліп, ақ дастархан жайылды.Бұл күндегі басты ерекшелік - бүлдіршіндер асыл мұрамыз салт-дәстүрдің бір түрі «Тұсау кесу»  рәсімін қойды. Атадан балаға мирас болып қалған әдеп-ғұрыптарымызды қайта жаңғыртып, тал бесік тәрбие бастауы балабақшадан қалыптасатын бүлдіршіндердің бойына сіңіру болып табылады.

 /тұсау кесу рәсімі/

 Рустам Рамазан  - Інжу мектеп-гимназиясының мұғалімі

 Думанды кеште балаларға арнап ұлттық ойындардан спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Ал түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киген мектеп оқушылары жиылған жұртшылыққа концерттік бағдарлама ұсынды.

 

 

Келбет Шәмші, Үміт Сейсенғли С.Тәжібаев

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
18:57, 18 сәуір 2019
ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ДОСТЫҚ» АЛАҢЫНА ЕЛБАСЫ ЕСІМІ БЕРІЛЕДІ
Толығырақ...