ШҰҒЫЛ! ТАУ ШАҢҒЫ БАЗАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ Толығырақ

«ҰЛЫ ӨНЕРТАПҚЫШТЫҚҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ»

20:30, 14 қыркүйек 2018

Таразда оқушылар мен колледж студенттерінің арасында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты облыстық инновациялық идеялар байқауы өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған байқау оқушылар мен орта арнаулы оқу орындарының шығармашылық деңгейін ұштастыруға бағытталған.

Жалпы байқауға аймақтан 40 мектеп оқушысы мен  мен 17 колледж студенті өз еңбегін ұсыныпты. Сарапшылар   9 аталым бойынша қатысушылардың жобаларына баға беріп,  саралады. Яғни, ауыл шаруашылығы, құрылыс, су көлігі, әскери техника,робототехника сынды салалардағы техникалық құрастыру жұмыстары  ортаға қойылып, үздіктері анықталды.

Талғат   Жамалов -  Жамбыл облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары

Бүгінгі өнертапқыштық сайысқа келгендердің бірі Марал Әби. Ол «Ұлттық нақыштағы ғимарат » деп аталатын жобасын алып келген. Жас өреннің туындысы еліміздің туризм саласын дамытуға арналған домбыра бейнесіндегі қонақ үй. Аталмыш туындыны дайындауға 1 апта уақыт кетті дейді.

Марал Әби  - қатысушы /Жуалы ауданы/

Шығармашылық конкурстың ережесіне сай жоба жұмыстары зерттеп отырған дүниелердің  тәжірибелік маңыздылығына және тиімділігіне қарай бағаланатын болады.Ал жеңімпаздар Өскемен қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алады.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

БРОКОНЬЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
14:20, 12 қараша 2018
БРОКОНЬЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

18:20, 7 қараша 2018
ЦИФРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯ – ДАМУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
Толығырақ...