Ұсақ шаруашылықтарды біріктіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

16:00, 18 мамыр 2017   94

Ауылшаруашылығы кооперативтерін құру арқылы бірігіп жұмыс істеу. Бұл қазіргі кезде шаруаларға мемлекет қойып отырған негізгі талаптың бірі. Осы мақсатта Жуалы ауданында құрылған «Ақсай -2016» кооперативі 30- адамның басын қосып отыр.

Ақсай ауылдық округі тұрғындарының басым көпшілігі мал ұстайды. Оның ішінде Жуалы жері сиыр малына өте қолайлы дейді ауыл азаматтары. Мұнда сүт өндіріп, оны өткізу үшін де қиналмады. Себебі Жуалы ірімшік зауыты жұмыс істейді. Осы мақсатта қазір аудандағы сүт кластарын дамыту үшін бірігіп кооператив құрылды. Ол 30 мүшесі бар, «Ақсай -2016» кооперативі.

Ақылбек Батағоев, Ақсай ауылдық округінің әкімі

(Сүт кластерын дамыту бұл басты жұмысымыз. Өйткені, Жуалы жерінің оған мүмкіндігі көп. Біріккен шаруалар үшін көптеген жеңілдік алуға мүмкіндік бар. Оны қазір олар түсінді)

Ауылшаруашылығы кооперативінің тиімділігі зор дейді сала мамандары. Өйткені, бірнеше адамнан құралған топ өкілдері үкіметтен несие немесе субсидия алу кезінде қиналмайды. Оның үстіне жер көлемі мен мал басы саны да артады. Сол кооперативтің бір мүшесі Өмірбай Сұраншиев. Ол бүгінде өз үйінен шағын мал бордақылау кешенін ашып, 25 сауын сиыр ұстайды. Сиырдың сүті ішсек те, сатсақ та бізге пайдасы мол дейді ол.

Өмірбай Сұраншиев, еңбек адамы

(Осы кооперативтің бір мүшесі менмін. Үкіметтен несие алып қорамызды малға толтырдық. Қазір сүт өткіземіз. Бірігіп жұмыс істеудің пайдалы екендігін енді- енді түсініп келеміз)

Ақсай ауылдық округінде қазір осындай заманауи 36 мал бордақылау кешені бар. Осының арқасында елдер қазір малды жайылымға бақпайды. Өзі үйінде семіртеді. Сөйтіп етін өткізеді. Ал, ет пен сүтке деген сұраныс жыл сайын артып келеді.

 

Айбол Қараш, Асқар Әділ «Жаңалықтар қызметі»

«Қазақстан-Тараз» телеарнасының ресми сайты

080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 6 үй Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-29-40