ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Толығырақ

ҮШ АУЫЛДА АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

20:08, 9 шілде 2019

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткен жылы Жуалы ауданына қарасты алты ауылдық кітапханадан цифрландырылған ақпараттық орталықтар ашылып, тұрғындарға қызмет көрсете бастады. Оның екеуі бүгінде «Білім орталығы» ретінде жұмыс істеуде. Айтулы үрдіс биыл да жалғасын тауып, Сұрым, Ақтөбе, Бақалы ауылдарында үш бірдей ақпараттық орталық жабдықталып, есігін айқара ашты.

Бұл Сұрым ауылындағы цифрландырылған ақпараттық орталығының салтанатты ашылу рәсімі. Орталықтың лентасы қиылып, ақсақалдар ақ батасын арнап, әжелер шашу шашып, құтты болсын айтты. Оны жабдықтау үшін 950 мың теңге жұмсалып, төрт компьютер және басқа да қажетті жиһаздармен қамтамасыз етілген. Ауыл тұрғындарына «e-gov» электронды үкімет порталы арқылы 18 қызмет түрі көрсетіледі. Одан бөлек, балаларға арналып бөлек бір бөлме қарастырылған. Аталған орталық пайдаланушыларға бизнес, шығармашылық, оқу бағдарламасы аясында креативті жобаларын жарыққа шығарып, жүзеге асыруға мол мүмкіндік бермек. Жүйелі жұмыстардың  жалғасы ретінде Бәйтерек, Көлтоған, Қарабастау ауылдарындағы кітапханалардан да дәл осындай орталықтар ашу жоспарланып отыр.  

Қымбат Қаржауқызы, Нұржан Манасұлы, «Жаңалықтар қызметі»

 

 

Тақырып бойынша материалдар

«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
16:02, 25 маусым 2020
«ЦИФРЛЫ ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ: ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар